Көпбұрыштардың аудандарын қайталау. Есеп шығару. 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Көпбұрыштардың аудандарын қайталау. Есеп шығару. 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Қайталау
Сабақ тақырыбы: Көпбұрыштардың аудандарын қайталау. Есеп шығару. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;
• 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
• 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
• 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаттары: •көпбұрыштардың аудандарын табу үшін қолданылатын формулаларды білу.
• аудан табу формулаларын есеп шығаруда қолдану.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын, студенттердің «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды, сонымен қатар оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырады.
1 Тест тапсырмаларын орындау
2. Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару
3. Деңгейлік есептерді шығару
4. Топтық жұмыс
5. Өздік жұмыс
6. Сабақты қорытындылау

II Теориялық материалды қайталау
Оқушылар көпбұрыштың ауданын табу үшін тест тапсырмаларын орындайды. Оқушылар жеке дара жұмыс істейді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін, өзіндік тексеру презентацияда орындалады. Қажет болса, кейбір оқушылар шешімдерді түсіндіреді.

III Дайын сызбалар негізінде есептерді шығару.
Оқушыларға дайын сызбалар негізінде ауданды есептеуге арналған есептер ұсынылады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарына түсініктеме береді, қажет болған жағдайда көмектеседі, тақтада дұрыс шешімдерді көрсетеді.

ІV Деңгейлік есептерді шығару.
Оқушылар тапсырмаларды жеке-дара орындарында орындайды, кейбір қиындықтар туындаса, оқушылар тақтада шешеді. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекет етуге бағыттайды.
V. Қолданбалы есептерді шешу.

Оқушылар 3 топқа біріктіріліп, қосымша тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар парақтарға өз шешімдерін жазады, содан кейін оларды бағалауға іледі. Қалған топтар жұмысқа баға беріп, есепт бойынша сұрақтар қояды.

Компания 430 м, 770 м, ал ең кіші жағы 300 м болатын төртбұрышты трапеция түрінде жер учаскесін көгалдандыру бойынша тендерді жеңіп алды.
Осы жер теліміне қанша шырша егу керек, егер 5 ш.м. 2 шыршаны егу керек болса.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:
- не білдім, не үйрендім
- не түсініксіз қалды
- немен жұмыс жасау керек......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 579



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?