Координатадағы есептерді шығару 2-сабақ (А-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Координатадағы есептерді шығару 2-сабақ (А-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 2-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
• кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
• центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша шеңбер сызбасын салу;
• берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша түзу сызбасын салу;
• формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылар назарларын жинақтау;
2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау;
3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ «8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын-ала тақтаға жазып қояды. Координатадағы формулаларды қайталатыңыздар. Шеңбер және түзу теңдеулерін, кесіндінің ортасының координаталарын. Оқушыларға ауызша келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:
Мысалы:
1) слайдта берілген шеңберлер теңдеулерін жазыңыз.
2) шеңбердің центрінің координатасын және радиусын табыңыз.
№ Шеңбер теңдеуі R Центр координаталары
1. (х–5)2 + (у+3)2 = 36
2. (х–1)2 + (у+1)2 = 2
3. (х+1)2 + (у–7)2 = 72
4. (у–5)2 + (х+3)2 = 7
5. (х+3)2 + у2 = 14

Бағалау критерийі:
- шеңбер центрі дұрыс көрсетілген;
- шеңбердің радиусы дұрыс анықталған;
- центрі (a,bжәне радиусы r шеңбер теңдеуі дұрыс жазылған.
Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.

Теориялық материалды бекіту мақсатында оқушыларға презентацияны қарауды ұсыныңыз.
III. Топтардағы жұмыс.
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топ бірдей тапсырмалар алады, және топтарға тапсырмаларды орындауға қағаздар және маркерлер таратып беруге болады. Тапсырманы орындауға уақытты шектеумен қойыңыз. Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, оны шеңбер бойымен келесі топқа береді. Әр топ тапсырманы бағалайды және егер қажет болса шешіміне түсіндірме жазады.

Бағалау критерийі:
1.Нүктенің координатасы дұрыс анықталған.
2. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу формуласы дұрыс қолданылған .

IV. Практикалық жұмыс.
Компьютер бар болса «1С:Математический конструктор 3.0», «Живая геометрия» немесе «GeoGebra» бағдарламаларын қолданып практикалық тапсырмалар орындатыңыз.


Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.
Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 480



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі