Магнит өрісі. Өткізгіштердің токпен әсерлесуі. Ампер тәжірибесі. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Магнит өрісі. Өткізгіштердің токпен әсерлесуі. Ампер тәжірибесі. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Өткізгіштердің токпен әсерлесу. Ампер тәжірибесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Магнит өрісінің бағыты мен тогы бар өткізгіш айналасандағы және катушка айналасындағы магнит өрісін байланыстыру;
Соленоидтың магнит өрісі өзекшеден тәуелді екенін түсіну
Сабақ мақсаттары: - магниттіӊ полюстерін білу;
- тұрақты токтыӊ магнит өрісін пайда ететіндігін білу;
- Түзу және дөңгелек өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісін білу;
- Ампер тәжірибесін сипаттау;
- бұрғы ережесін меңгеру.

Жаңа сабақ.
Магнит өрісі
Магнит өрісі-қозғалыстағы электр зарядтарының (тогы бар өткізгіштің) әсерлесуін қамтамасыз ететін материяның ерекше түрі екенін айту.
Эрстед тәжірибесінің мағынасын айту:
а) Тізбекте электр тогы жоқ кезінде компас тілшесі (магниттік тілше) солтүстікке бағытталған.

б) Егер тізбекті тұйықтасақ (электр тогы болса) компас тілшесі бағытын өзгертеді (ориентациясын өзгертеді).

Өткізілген тәжірибе бойынша қорытынды жасауды оқушылардан сұрау:
Оқушының жауабы мынадай болуы тиіс: Ток өтіп тұрған өткізгіш маӊында магнит өрісі пайда болады. Осы өріс магниттік тілшеге әсер етіп, оныӊ орналасуын өзгертеді. Тогы бар өткізгіш және магниттік тілше арасындағы өзара әрекет күші магниттік күш деп аталады.
Кез келген тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болады.
Солай етіп, қозғалмайтын электр зарядтары айналасында тек қана электр өрісі болады, ал қозғалатын электр зарядтары (электр тогы) айналасында электр және магнит өрістері болады.

Электр және магнит өрістерініӊ пайда болуын түсіндіру:
Магнит өрісінің негізгі қасиеттерін таныстыру:
Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;
Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;
Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).
Тұрақтты магниттіӊ және тогы бар катушканыӊ магнит өрістері:

Магнит өрісінің индукция векторы-магнит өрісінің әсерлік мәнін анықтайды. В-индукция векторының бағытын Оӊ бұрғы ережесімнен анықталатындығын түсіндіру.
Оӊ бұрғы ережесімен оқушыларды таныстыру
Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 524



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!