16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз еліме 28 жыл)

 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз еліме 28 жыл)

Тәуелсіз еліме 28 жыл!
Ұлан - байтақ неткен жер!
Дәнді - дақыл еккен жер.
Жеттік міне арманға
Қазақстан - Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,
Маңдай терін төккен жер.
Тәуелсіздікке қолы
Қиындықпен жеткен жер.

Өзіңде бар Елбасы
Туыңда бар, әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық
Қыран құстай самғайық.
Туымызбен тұғырлы
Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық
Ел намысын сақтайық.
Қазақстан байлығын
Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың
Жаңғыртайық, жасайық!
Үлгі етіп ұл - қыздарға
Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап, шұбарлатпай
Қастерлейік халайық!
Қазақ тілін дамытуға
Күшімізді салайық!

28 жыл міне, толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс
Тілеймін жас - кәріңізге.

Садуова Әдемі Сәлімқызы
1976 жылдың 20 тамызында
Солтүстік Қазақстан облысының
қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның Мұқыр ауылында дүниеге келдім.
І санатты бастауыш сынып мұғалімімін.
20 жыл еңбек өтілім бар. Отбасым, бала - шағам бар.
Қазірде Айыртау ауданының Антоновка селосында жұмыс істеймін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Бахытжан Абдулкасимов
    2 + 1 -
    кушти
    1. Оқырман рамазан
      0 + 0 -
      маған мына өлең қатты ұнады

Ілмектер: jeltoksan_28, тәуелсіздікке 28 жыл өлең, тәуелсіздікке 28 жыл өлең шумақтары, тәуелсіздікке 28 жыл өлең жолдары, тауелсиздикке 28 жыл такпак, тауелсиздик 28 жыл олен, стихи на казахском языке 28 летие независимости казахстана, тәуелсіздікке 28 жыл тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсізді, Тәуелсіздік туралы өлеңдер, тәуелсіздік туралы сөздер, тәуелсіздік күні, Отан, ел, Қазақстан туралы өлеңдер, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, 16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тілдер күніне қазақша өлең, тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен