Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

 Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс:
- жарық сәулесі және екі орта шекарасы ұғымын;
- диффузиялық және айналық шашырауды;
- шашыратқыш бетке түсірілген нормаль ұғымын;
- түсу бұрышы мен шағылу бұрышын сипаттау;
- жарықтың шағылу заңын қолдану.

1.Ой қозғау. Бізді қоршаған денелер жарық көзі болмаса да неліктен біз оларды көреміз?
Оқушылар жұпта талқылайды, ой тұжырымдарын айтады, ал мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.
2.Түсіндіру. Жазық айнамен оқушыларға Күн сәулесiнiң шағылуын демонстрациялаймыз.
Бiз қандай құбылысты бақыладық? Бұл сұраққа оқушылар жауап береді.
Сынып оқушыларына тапсырма:
1) Қайсы жағдайда жарық сәулесiнiң жазық айнадан шағылу бұрышы үлкен?
Жұмыс парағы 1

Бұл сұраққа жауап беру үшiн бiз түскен сәуле, шағылған сәуле, түсу бұрышы және сыну бұрышы ұғымдарын анықтауымыз керек.
Оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту үшін практикалық жұмыс беріледі.
Құрал жабдықтар: жазық айна, жарық көзi, бұрыш сызылған арнайы жабдық.
Оқушылар жазық айнаға жарық сәулесiн түсiредi. Шағылған сәуле, түскен сәуле, түсу бұрышы және шағылу бұрышын анықтайды.
Мұғалiм: оқушылардың жұмысын бақылайды және бағалайды. Қажет болған жағдайда көмек көрсетедi.
Оқушылар: түсу бұрышы мен шағылу бұрышын салыстырады.
Бұрыштарды өзгертiп тәжiрибенi қайталайды.
Тәжiрибе нәтижесi бойынша қорытынды жасайды.
Мұғалiм оқушылардың қорытындыларын тыңдайды. Соңынан жалпы қорытынды жасайды. Жарықтың шағылу заңы: Түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінен тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы (i) шағылу бұрышына (r) тең.
3. Сабақты бекіту
Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды және бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 914



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?