Күкірт қышқылының өндірісі (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Күкірт қышқылының өндірісі (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды өнеркәсіптік химикаттар
Сабақ тақырыбы: Күкірт қышқылының өндірісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Күкірт қышқылының маңызы және өндіріс ерекшеліктерімен танысу

Оқушылармен амандасу. Жаңа тақырыпты суреттегі сауал бойынша ашу.
Оқу мақсаттары, жетістік критерийлері, тілдік мақсаттармен таныстыру.
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, оқушылардың алдыңғы білімдерін қайталап еске түсіру мақсатында ақ тақташалармен жұмыс жүргізіледі.
Онда қойылатын сауалдар:
1. Күкірт қышқылы формуласы
2. Күші жағынан күкірт қышқылы қандай?
3. Натрий мен күкірт қышқылы реакциясын аяқтау
4. Алтын мен күкірт қышқылы реакциясын жазу


Оқушылар жұптарға бөлініп, мәтіндер таратылып беріледі де, әр жұп өз құрылғыларымен өзге оқушыларды таныстырады.
Бұл жұптық жұмыс: «Инженер химик-технолог» деп аталады. Әр жұптың материалын мұхият тыңдап, оқушылар әр құрылынғының өз кезегін табулары қажет.

Жұмысты дұрыс жасағандықтарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді.
Мұғалім оқушыларға сауалдар қою арқылы еңбекті бөлудің маңызын түсіндіреді.
Еңбекті бөлу қазіргі заманда көп мамандықтың пайда болуының басты себебі. Ежелгі заманда адамдар өздерін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін болды, бірақ бұл тиімді емес екендігін түсінген кезде еңбекті бөлуді үйренді. Барлық ғылыми-техникалық даму еңбекті бөлудің жемісі. Бөлінген еңбектің нәтижесін сату, яғни айырбастау арқылы қазіргі қоғамда өмір сүреміз.

Оқушылар топта келесі 2 тапсырманы орындайды.
Тапсырма 1. Күкірт қышқылы қолданысы сызбасын толтыру 5мин уақыт беріледі
Постер жасау.


Тапсырма 2.
Алдарыңызда берілген үш сынауықтың тек біреуінде ғана күкірт қышқылы бар.
А)Сіздер қалай ойлайсыздар, осы үш сынауықтың қайсысында күкірт қышқылы екендігін көзбен ажыратуға болды ма?
Б) Егер көзбен ажырату мүмкін болмаса, берілген заттардың қайсысын қолдану арқылы күкірт қышқылын анықтауға болады (бірнеше тәсілді ұсынуға болады)?
Қажетті заттар: күміс нитраты, барий хлориді, барий сульфаты, лакмус, фенолфталейн, метилоранж, су.

Келесі жұмыс оқушыларға жеке беріледі және әр оқушының жеке ойы тыңдалады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 618



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі