"Көп сөйлейді екенмін": Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады (видео)

"Көп сөйлейді екенмін": Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы белгісіз біреулердің күшпен ұстаған видеосы тараған. Осыдан кейін ел тұрғындары бизнес-тренерге аяушылық танытып, оны уайымдай бастады. Бір күн өткен соң кәсіпкер жеке парақшасында мәлімдеме жасап, оқиғаны өзі ойлап тапқанын, осы әрекеті арқылы халықты тексергісі келгенін мәлім етті. Көпшілік ел ағасының арзан "хайпқа" барғанын дұрыс қабылдаған жоқ. Оған әлеуметтік желіде жан-жантан сөзбен "шабуылдар" жасап, жұртпен бұлай ойнауға болмайтынын ескертті. Бүгін, Ахметбек Нұрсила, осы әрекеті үшін халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды деп хабарлайды nur.kz порталы.

Бизнес-тренердің жұрттан кешірім сұраған сәті Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық көрді.

"Армысыз ағайын. Қойылымдар аяқталды, болды. Енді кешерім сұрауға тура келіп тұр. Өмірдегі ең қиын шаруа қателігіңді мойындау ғой. Біраз қателіктер жібердім.

Бірінші, жанашырларымды тыңдамадым. Ержанмен сұқбатқа шықтым. Оқыс қимылдар жасадым. Енді ақылдасып тұратын боламын.

Екінші, эмоцияға бой алдырып қояды екенмін. Оны да қолға аламын.

Үшінші көп сөйлейді екенмін. Енді нақты қысқа сөйлейтін боламын.

Тағы қандай қателіктер бар. Айтсаңыздар түзетемін.

Ең бастысы - Ниет түзу. Елге қызмет етемін. Халық кешіреді, түсінеді деп сенемін. Ісіме адал, боламын, жаман жақтарымды өзгертемін деп уәде беремін", - деді Ахметбек Нұрсила.



Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Ахметбек Нұрсиланы әлдемкімдердің ұстап алып кеткен видеосы тараған. Кейінірек кәсіпкер бұның қойылым екенін айтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу