"Кішкентай қыз емеспін": Динара Сәтжанға желіде қоқан-лоққы көрсеткен

"Кішкентай қыз емеспін": Динара Сәтжанға желіде қоқан-лоққы көрсеткен

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өмірінде алғаш рет біреудің қоқан-лоққы көрсеткенуіне тап болғанын айтты. Белгілі журналистің сөзінше, әлдекім желіде оған қорқытып хабарлама жазып жібірген. БАҚ өкілі бейтаныс адамқа өзінің қай қылығы ұнамай қалғанын да жайып салды деп жазады NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram парақшасында белгісіз біреу өзіне қауіп төндіріп жүргенін хабарлап, оқырмандарын алағдатып қойды. Ол тележүргізушіге қоқан-лоққы көрсеткенімен, оны қорқыта алмаған.

Журналист өзіне деген наразылығын жекеге хат жолдап емес, тікелей эфирге шығып айтуға кеңес берген. Ол сыни пікірлерді бетпе-бет естігісі келетінін алға тартты.

"Мен бес жыл бойы журналист мамандығы бойынша оқып шықтым. Телевизия саласында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сұрақ қою - менің жұмысым. Әр түрлі адамдармен тілдесемін. Олардың алуан түрлі пікірілерін тыңдаймын. Менің мақсатым - адамдарға бір-бірі туралы айтып беру.

Карантиннің төртінші күні мен әр түрлі мемлекеттегі қызықты тұлғалармен тікелей эфирге шыға бастауға шешім қабылдадым. Ол оңай тірлік емес. Алдымен келісу керек. Одан кейін мәселені талқылау керек. Содан кейін эфирге шығасың.Әрине, мен қозғайтын тақырыптар барлығына дерлік ұнай бермейді. Бүгін өмірімде алғаш рет қоқан-лоққыға тап болдым.

Шамиль Аляутдиновпен болған сұхбаттан соң, директіме хабарлама келді. Біреулерге менің дін тақырыбында көп сөйлесе бастағаным ұнамай қалған. Мен ол адаммен хат алмасуымды сақтап алдым. Мені дауыспен қорқытудың қажеті жоқ. Мен кішкентай қыз емеспін. Одан да менімен тікелей эфирге шығып, өз пікіріңізді білдіріңіз. Жекеге жазудың не қажеті бар?" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан коронавирус кезінде шетел асып кеткен қазақстандықтар үшін күйініп, өз ойын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі