Енді қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Енді қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, құжат алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.

"Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін, кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты өзгерістер енгізілді.

Қаулыда ауылда жұмыс істеу міндеті қай кезде тоқтатылатыны көрсетілген:

  • білім алушы (жас маман, философия докторы (РhD)) қайтыс болса, тиісті құжаттармен расталуы тиіс;жұмыс істеп жүрген кезінде I және II топ мүгедектігі берілсе;

  • заңда және осы қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда.

  • Олар бюджет қаржысы есебінен жұмсалған шығындарды қайтармайды.

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
    Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

    Қарап көріңіз 👇



    Пайдалы сілтемелер:
    » Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
    » Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
    » Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

    Соңғы жаңалықтар:
    » Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
    » Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
    » Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!