«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ақынның желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметбек Нұрсиланың қазақты білім-ғылымға шақырғанына риза болған ақынның пайымдауынша, "шегіртке" деген сөз орынсыз емес көрінеді.

"Ахметбек Нұрсила деген азаматты аса жақсы танымаймын. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы әңгімелерін көзім шалып қалады. Тренингтегі кейбір іс-әрекеттері, эмоция шығарып билеп жатқаны, ислам туралы кейбір пікірлері мүлде жақпайтын. Бірақ қазақты білімге, ғылым үйренуге, кәсіп үйренуге шақырып, сол жолда жанкештілікпен еңбек етіп жүргеніне жүрегім жылып қалады. Әсіресе, отаншылдықты насихаттауына, Алаш идеясын жаңғыртуға, рухани тәрбиеге қатысты жанайқайына толық қосыламын. Бүгін лотореяға қатысты "Астарлы ақиқатқа" қатысқан хабарын көріп, әртүрлі ойға баттым. Әрине, мені өнердегі әріптестерім қолдай қоймас, тіпті, жау деп қабылдар. Бірақ, Ахметбек ағаның "Шегіртке" деген сөзі орынсыз емес. "Ыршып жүріп ән салған" өнерпаздар түгілі, бұл теңеу жалпы қазақтың бүгінгі сиқына дәл келетіні - ащы болса да шындық!", - деді айтыскер.

Мұнан бөлек, Балғынбек Имаш парламентте отырғандарды кесірткелерге ұқсатты.

"Бізде барлық саланы шегірткелер басып кеткелі қашан!Тәуелсіздік таңы атқалы реформадан көз ашпаған білім министрлігі, мәдениет пен спорт министрлігі, денсаулық министрлігі секілді мекемелерде (бас әріппен жазуға қимадым) сайран салған шегірткелердің кесірінен жастарда - білім жоқ, қауымда - мәдениет жоқ, бүкіл халықта денсаулық жоқ!

Ауыл шаруашылығы, аргоөнеркәсіп, мал және егін, орман, су, балық шаруашылығын үкіметтен бастап, әр облыс, аудандардағы шегірткелер тып-типыл еткелі қашан? Бізде парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты, әй, бірақ, кесірткеден де үн шығады ғой бұлар сөйлемейтін "балық" боп қалған-ау!?

Кесірткелер, бәлкім, қаржы полициясына құйрығын тастап шетел асып кеткен Виктор жездеміз секілді қашқындарымыз болар?
Өнердегі аға-апа, құрбы-құрдас, іні-қарындастар! Ахметбек "шегіртке" десе Абайға сүйеніп теңеумен айтты, оған шамданбаңыздар!

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Ән салу - шегірткеге тән қасиеттің бір қыры. Жолындағыны жапырған, егінді тып-типыл қылған, көп қаржыны қымқырған, бар байлықты жымқырған шегірткелердің "жемқорлық" қырын қайтеміз? Қашан біз шегірткеден құмырсқаға айналамыз?", - деп көпшілікке ойланарлық сұрақ қойды әрі қоғам туралы ішкі қынжылысын баяндады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?