Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққан бір топ бойжеткенге сот үкімі шықты

Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққан бір топ бойжеткенге сот үкімі шықты

Павлодар қаласының жеті тұрғыны кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққаны үшін сотталды. Полияция өкілдері бір топ бойжеткенге қандай жаза тағайындалғаны мен оларға қандай айып тағылғанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ .

Бұған дейін Павлодарда бір топ бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызға шабуылдағаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиға оқушы інісі мен көршілерінің көзінше орын алған.

Полиция төбелеске қатысы бар аруларға қатысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын.

Павлодар облысы ПД мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққан бойжеткендердің ісі бойынша сот отырысы өтіп, оларға жаза тағайындалған.

Оқиғаға қатысы бар арулардың барлығы кәмелетке толған болып шықты. Олар 1998 бен 2001 жылы туғаны белгілі болды. Бойжеткендер шағын бұзақылық пен ТЖ режимін бұзу баптары бойынша жауапкершілікке тартылған.

Олардың біреуі ТЖ кезінде тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін жазаланды (478 бап) .

Төбелеске қатысқан бес қыз 5 пен 15 тәулік аралығындағы әкімшілік қамауға тартылды. Екі бойжеткеннің кішкентай балалары болғандықтан олардың жазасы жұмсартылды. Аруларға он мен он бес АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққан бойжеткендер жергілікті ІІО есебіне қойылды. Олар бұзақылар ретінде тіркелді. Сонымен қатар, қыздарға қатысты озбырлық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍