Негіздер. Негіздердің қасиеттері (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Негіздер. Негіздердің қасиеттері (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Негіздер. Негіздердің қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну; -олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: -негіздер мен сілтілер арасындағы айырмашылықты түсіну
-негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу
-негіздердің және амфотерлі негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу.

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу.
Оқушыларға металл валенттілігі бойынша негіздердің формулаларын құрастыру тапсырылады. калий,магний, алюминий(ІІІ),Сu(І, ІІ) Осыдан оқушылар "Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат" деген ұғымды түсінеді.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады
Мұғалім түсіндірмесі оқушының көмегімен тәжірибе жасалынады.Бірінші оқушы индикатордың қышқыл ерітіндісіне,екінші оқушы индикатордың сабын ерітіндісіндегі түстерінің өзгеруін көрсетеді.Оқушылар қорытынды жасап қышқылдардың қасиеттеріне қарама –қарсы заттардың бар екендігін,олардың негіз екенін еске түсіреді.Индикаторлардың қышқылмен негіз ерітінділерінде әр түске боялатынын мәтін арқылы анықтап,кестені толтырады.

Индикатор -лар Фенолфта -леин лакмус метилоранж
қышқыл
негіз

Мына берілген қосылыстардың ішінен заттарды үш топқа бөліп кестенің ішіне жазады,алдыңғы сабақтағы білімдерін пайдаланып оксидтермен қышқылдарды бөліп жазады,қалған қосылыстардың негіз екенін анықтайды,анықтамасын береді.
CuO, H2SO4, KOH, H3PO4, Al(OH)3, SO3, H3PO4, Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2,Си(OH)2,Ba(OH)2, Zn(OH)2,Cr(OH)3, Na2O, HCI, H2SO4, MgO, CO2,Be(OH)2, K2O.
оксидтер қышқылдар негіздер
6 оксидтің формуласы 5қышқылдың формуласын жазады қалғаны негіз
KOН, Al(OH)3, Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2, Си(OH)2, Ba(OH)2, Zn(OH)2, Cr(OH)3,Be(OH)2.Мына берілген қосылыстарды гидроксил тобының санына байланысты үшке жікте:бір негізді---------------------------------,екі негізді-----------------------------------------------------,үш негізді --------------------------------------
Негіздер,негіздердіңқасиеттері Оқушыларды үш топқа бөлінеді. Негіздерді қайталауды ұйымдастырады.
1-топ: Негіздер деген не (жіктелуі, аталуы)
2- топ: Негіздердің алынуы
3-топ: Негіздердің химиялық қасиеттері
Оқушылар өздеріне берілген ресурстарды талдап, А3 постерін әзірлейді. Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды.
Бекіту тапсырмаларын орындау- жұмыс парағы
1. Төменде көрсетілген негіздердің ішінен сілтіні көрсет: Cr(OH)2,Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2.
2. Негіздердің химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакцияларды аяқта А. NaOH+ … = Na2SO4 + …
В. KOH+ SO3= … + H2O
С. Си(OH)2+ … = СиSO4 + 2NaOH
3.Төменде көрсетілген заттардың қайсысы NaOH-пен реакцияға түседі? Мүмкін болатын 2 реакция теңдеулерін жаз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 652



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады