Құрылымдалған сұраныстар 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Құрылымдалған сұраныстар 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: Құрылымдалған сұраныстар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.3.1 конструктор арқылы құрылымдалған сұранысын жасау
Сабақтың мақсаттары: -сұраныс деген не;
-сұраныстардың түрлері;
-құрылымдалған сұраныстарын конструктор арқылы жасау.

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың санын тексеру.

Білімді өзектендіру кезеңі
Сыныпқа сұрақ қою: Access бағдарламасында қандай объектілерді жасауға болады?
Сонымен қатар, мұғалім, оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыту үшін ДҚБЖ боъектілеріне қатысты терминдерді ағылшын тілінде сұрау.

Оқушыларға қиындық тудыратын термин ол «сұраныс» термині болуы мүмкін, себебі, бұл термин жайлы оқушылар білмеулері мүмкін.

Кезекпен немесе (оқушылардың еркіні бойынша) төрт оқушы тақтаға шығады: тақтада берілген ДҚБЖ қатысты суреттерге сәйкес объектілер атауларын сәйкестендіру.
Берілген тапсырма оқушылардың қиыншылықтарын тудырмауы мүмкін, себебі, оқушылар алдағы болған сабақта берілген объектілермен таныс болған еді.

Егер қиындық пайда болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыттайтын сұрақтар қоя алады: мысалы, берілген объектінің қандай сыртқы айырмашылықтары байқайсыздар?
(сынып қойылған сұрақтарға жауап береді).

Оқушыларға қиындық тудыратын соңғы объект болуы мүмкін ол «сұраныс», себебі, бұл объектімен оқушылар жұмыс жасаған емес.
Бірақ, бұл объект соңғы болып орналасқан, сондықтан оқушылар берілген суретті және терминді дұрыс сәйкестендіреді.

Проблемалық жағдай:
Сыныпқа сұрақ қою:Алда орындаған екі тапсырмада қанай қиындықтар болды?
ДҚБЖ қандай объектілерімен сіздер жаңа таныс болдыңыздар.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын өз дәптерлеріңізде жазып көріңіздер. Оқушыларға орындау үшін бір минут уақыт беру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 645



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі