Жұмағали Саин (Айқас)

 Жұмағали Саин (Айқас)

Келе жаттым айсыз түнде,
Баяулатып әнге сап.
Тұрды күліп біздің дүние,
Электрден жарық ап.
Салған әнім желмен бірге,
Ұшты әуені қалықтап,
Көтергендей мені күнге
Кетті заулап шарықтап.
Жер мамығы қош иісті,
Одеколон шашқандай.
Неткен рахат, неткен жайлы?
Көңіл шалқып тасқандай.
Минут сайын көзді тартқан,
Мың құбылған сұлу жер.
Нұрдан жұлдыз, күннен алқа
Таққан, әне біздің ел.
Келем міне, келем міне,
Әндетемін көңіл шат.
Әлдеқайдан өлеңші қыз
Сұңқылдатты ән шырқап.
Соған қарай,соған қарай,
Мен де келем аяңдап.
Соғады жүрек, тасады көңіл,
Тұра алмайды аялдап...
Тамсандырады біздің қала,
Түріменен, сырымен.
Бақытты жас, балбыраған —
Бұлбұлының үнімен.
Теңіз тербеп бақыт нұрын,
Күміс суы шайқалады.
Дала безеп өмір түрін,
Гүл судырап жайқалады.
Барлық адам біздің елде,
Өмірден бал алады.
Ұлы отандық күшті сәуле,
Мәңгі лаулап жанады.
Осы бақыт дүниесінде,
Мен жайқалып, тербелем.
Өмірімнің бір минутына,
Күн нұрымен тең керем.

II
...Қараңғыдан қалбаң қағып,
Қарсы алдымнан шықты адам
Бет - аузына түк қаптаған,
Бойға қару асынған.
Түсі суық қорқынышты,
Жырта қарыс кірпігі.
Найзадайын қадалатын,
Тисе маған бір түгі.
Күңіреніп көп сөйлеп әлгі,
Деді маған, жай қалай?
Кетермісің мені тастап,
Айтқанымды тыңдамай!
«Тыңда, тыңда, қарттың сөзін
Асқақтама, ей балай
Мен сөйлеймін арманымды,
Сал құлақты, бер қара!
Бір кездерде мынау дала,
Өзен, көлді, бұлақты.
Жібек түкті желекті жер,
Бәйшешекті құрақты.
Сонау өлке қызыл тулы,
Деп жазылған СССР.
Сонау Волга, Днепрмен,
Мынау аққан дария — Сыр.
Асау Кавказ, кәрі Каспий,
Көркем Қырым керілген.
Перзентімнің еншісі еді,
Әміріне берілген.
Бүгін міне жиырманшы жыл,
Өшті көзім қарасы...
Соқты дауыл алтын тағым,
Шықты пәре-пәресі.
Өлерінен көп жыл бұрын,
Қатты безгек жабысқан...
Сол қарғамды құрбан етті,
Мыңдаған жан... көп дұшпан...
Мен жатырмын содан бері,
Қайғы тартып, зар жылап,
Шапсам деймін мына отанды,
Одан-бұдан күш құрап.
Жүрме ілгері, бурыл кейін,
Ей, шырағым, тілімді ал!
Жырла мені қуаттандыр,
Ұқ сөзімді, құлақ сал!»
«Көз алдымда кетсең күйіп,
Қынжылмаспын мен саған
Өшкен күнің қайта жанбас,
Ей жалмауыз, жыртқыш аң.
Білемісің кеше Киров,
Сенің қанды қолыңнан.
Абайсызда өліп кетті,
Аңдып атқан оғыңнан.
Сенсің менің бітіспейтін,
Ата жауым, қақпас шал.
Мен дұшпаның алдыңдағы,
Ей арамза, ұғып ал!
Босағаңды талқан еткен,
Менің әкем — Октябрь.
Қалай саған пенсия болмақ,
Октябрьден туған ұл.
Әне айбынды қызыл ерім,
Елін, жерін, қорғаған.
Елірме сен, елеңдеме.
Жыртқыш, зұлым оңбаған!
Өлігіне себемін у,
Қуанамын қол ұрып,
Күлемін мен масаттанып,
Жыламаймын егіліп».
Дегенімде шал кенеттен,
Қолын салды қынапқа.
Самбырлаған дауысы тиді
Ит үргендей құлаққа.
«Мынау: найзам оқ жыланның,
Зәріменен суарған.
Мынау: қылыш — зұлпықарым,
Мынау: байрақ қуарған.
Мына қолмен талай жанның,
Көр анасын құштырғам.
Мынау садақ сан боздақты
Ат үстінен ұштырған.
Танкі, пушкам, гранатым,
Улы газым тағы бар,
Маған оңай жанды өлтіру,
Қолым қанды — мен ажал.
Ендеше сен байқа, шырақ,
Әміріме көнерсін,!
Қарсылассаң бұдан әрі,
Қан қолымнан өлерсің!»
«Ей оңбаған, не етпексің,
Қылышыңды қарманып!
Даурығып сен дірілдейсің,
Жоқты сөйлеп, сандалып!
Жал, құйрықтай сақал - шашың,
Ей перғауын кәрі шал!
Кет жолымнан, бөгет болма,
Тарт тіліңді, кет — жоғал!»
Маған қарай аттанды ол,
Зұлпықарын суырды.
Ашу қысты тула бойын,
Сөйлей алмай буынды.
«Ей жас жігіт,— деді маған,—
Сен мынаны танып қой,
Зұлпықардың алмас жүзін,
Есіңізге салып қой!»
Мен де аттадым оған қарсы,
Айқасуға будым бел.
Тайсалмадым, тартынбадым,
Дедім жауға келсең кел!
Аяғымды нығай басып,
Төнген шалға ақырдым.
Қайратымды бойға жинап,
Ашуымды шақырдым.
«Қорықпаймын айбыныңнан,
Әй, бишара сорлы қарт!
Айқассаң да алалмайсың,
Мен шыныққан жас солдаты
Қолыңдағы зұлпықарын,,
Өз басыңды кескілер.
Ойбайлаған өлім даусы,
Сенен ғана естілер».
«Жүрегіме сепкен уын,
Сенің жаңа заманаң.
Көнбедің ғой айтқаныма,
Ендігі өзің сыбаған».
Деді - дағы дірілдеді,
Өлекседей өңсіз шал,
Қатуланды қарт бурадай,
Қалшылдады патшағар.
Бұдан кейін жауыр бұлттай,
Шал күңіренді, түнерді.
Қолындағы зұлпықарын,
Маған сілтеп жіберді.
Оң қолымды көтеріп ем,
Көкті қаптап самолет.
Жерді қаптап қызыл ерлер,
Сап түзеді зеңбірек.
Сол қолымды көтергенде,
Гүрілдеді дирижабль.
Танкілер де қыбырлады,
Қайысқандай ой мен қыр.
Жауға атака салып жерден,
Көктен қағып түсірдім.
Сұм жалғанның қалдықтарын,
Құл ғып желге ұшырдым.
Арамза қарт қанды қолды,
Құшып керін жығылды,
Соңына ерген борсықтары,
Індеріне тығылды.
Қызыл туды желбіреген,
Күн қасына қададым,
Шұғылалы нұр шапағын,
Әлемге нұр санадым.
Ешкім қолын сұға алмайтын.
Жерім берік дедім мен.
Бар әлемге күн болуға,
Сенім берік дедім мен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?