Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

 Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.
Сонда ғана құл менен күң
Қол ұстасып билеген би.
Сонда ғана бақыт деген
Отымда тартылған күй.
Ұмытпаймын бақыт үшін
Зор майданда төгілген қан.
Ұмытпаймын қан кешумен
Күн күлімдеп атқанын таң.
Ұмытпаймын орыс жұртын
Бауырымды — майдан ері.
Неге ұмытсын дос жүрегін —
Неге ұмытсын қазақ елі.
Ұмытпаймын майдан күнін
Қиын кешу, тар қамалды,
Ұмытпаймын ел көсемін
Ұлы Ленин данышпанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?