11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды — министр жауабы

11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды — министр жауабы

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмыс істеуін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында мәлім етті.

«Президент айтқандай, мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмысын жалғастыра береді. Қашықтан жұмыс істеп келе жатқанымызға үш апта болды. Осылай жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Бастапқыда туындаған сұрақтар қазір жоқ. Процесс жүріп жатыр және бұған қатысты үлкен мәселе жоқ», — дейді министр.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов оқу жылы қашан аяқталатынын айтты.
«ҚР Білім және ғылым министрілігінің бұйрығы бойынша оқу жылын кесте бойынша аяқтаймыз. 25 мамырда орта білім беру мекемелерінің бәрінде оқу жылы аяқталады», — дейді ол.
Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, төтенше жағдай режимі биылғы 11 мамырға дейін жалғасатынын айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу