Телефонына SMS келгендердің барлығына 42 500 теңге беріледі ме?
4 сәуір күні көптеген ел тұрғындары 42 500 теңге алуына болатыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын. Бұл хабарлама электронды үкімет базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келмеген деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгеріс енгізген.
ТЖ енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалардың, өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендердің, ТЖ енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың тізімде жоқ екендігі белгілі болды..
I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді.
Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады. Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш - 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК жіберілмек.
Сонымен әлеуметтік төлемді кімдер алады?
шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
жеке практикамен айналысатын адамдар;
бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;
қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.
42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?