file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бақша гүлі

 Бақша гүлі

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.

Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды.

Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді.
Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.

Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.

Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?