Бәріне жүрек кінәлі

 Бәріне жүрек кінәлі

Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін.
ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.

Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады.

Ал мен өзімді кінәлі сезінемін... Бірақ біз іздеген сұрақтың жауабы оның ойынша оның жүрегінде, нақтырақ айтсам, жоғарыда айтып өткенімдей оның статусындағы "бәріне жүрек кінәлі". Бірақ бұған олда менде кінәлі емеспін ба?? кім кінәлі?? МЕН БЕ?? Оның қиналғанына мен себепкер болдым. Мен бұлай болғанын қаламадым. Енді тек бәрін уақыттың еншісіне қалдырармын, Өмірде іздеген сұраққа жауап табу соншалықты қиын екен. МЕН кінәлі сияқтымын. Оның қиналғанын көргенде жүрегім ауырады. Маған тек "бұл - ӨМІР" деп өзімді жұбату ғана қалды. Ол болса мені тезірек ұмытса екен. Қазіргі тілегім тек сол болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?