Қос аққудың соңғы сәті

 Қос аққудың соңғы сәті

Бір ұйықтап бір оянып кете бердім. Кешегі күнен бүгінгі күн ауырлау екенін жүрегім сезіп-ақ тұр. Әйтеуір жанымда бас тірегім, қасқағым мына жалғандағы сырласым, өзіме құрдасым, өзіме жырласым, өзіме жауым, өзіме асқар тауым, кәрі болсада мен үшін сол жастық шағында қалған жүрегім мына ақсақал бар. Әрине оңып тұрған олда жоқ, бірақ менің жанымда отырып өзін өзі жегідей жейтіні белгілі. Төсек тартып, ұл қызымның қолына қарап қалғаныма міне бес күн шамалас болып қалды. Күнімен түнімен кіріп шығып мазасызданып жүрген бірақ жан ол осы шал. Әрине оныңда ойын мен бір қарағанан-ақ түсініп аламын. Баяғыдан Алладан сұраған бір арманы бар еді осы жарым Күнімжанның алдынан өтіп кетсем арманым болмас деп. Кейде маған қарап жылапта алады, кейде тұнық ойға батып кетеді. Қолымнан ұстап айналдырып әкетіп бара жатқан ауруымды бір мезетке болсын басатын емшім осы екенін қайран жүрек осы кезде сезді. Жаным тығырыққа тіреліп, тұрсам опақ отырсам сопақ болып отырған мына менің қылықтарыма көнетін осы шалдан басқа адам жоқ. Талай нәрсені бір болып көрдік көтергенімізде болмады көтергенім ізде болды. Талай күліп талай жылап едік. Ұлдарымызды ұяға қыздарымызды қияға шығарып тәрбиені бердік. Ауырғалы бері жанымда кіші қыз жатыр. Шалымды басқа бөлмеге бөліп тастады оған төзетін біздің тарлан барма түнде қоштасып кетіп бір екі сағаттаң соң жаныма қайтып келеді сонда маған қарап.
-Айымда сен Күнімде сен
Жаным бір тербеледі күлімдесең
Жанымда сен бағымда сен
Сүймесем сені сәулем дәл бұлай сағынбас ем деп келіп жаныма отыратын қайтейін меніңде кетер уақытым жетті. Оным маған деген махаббаты менің жүрегімді жандырып сағыныш сезімі ояна бастағанын сезген едім. Осыған дейін бар сырын маған айтып бар арманын менімен бөлісіп отырған шалды жанымнан жырақтата алмадым. Кейде бұрылып оғанда қарап қоям бес күнен бері өзін өзі жеп қойған, бет-жүзінде үміт пен арманның кейпі көрініп тұр.

Оянып кеттім. Түнде келіп жанымда отырған шалда жоқ кенже қызда жоқ. Үйдің кіре берісінде біреумен амандасып жатқаны естіледі. Бірер минуттан кейін қалшылдап келе жатқан бір адамның дыбысы естіледі
-Уф Алла сабыр бер деп келе жатыр. Дауысы бәрінен өзгеше Дариға досымнан басқа ешкім үйтіп айтып кірмеуші еді. Жан досым-ау деп қатты дауыспен айқай салдым.

-Әй мынаны қараш ауыр жатқанан күннің өзінде мені танып жатыр деп қояды. Бұған жауап қатқан менің жарым жоқ. Әуелі сарылау келген кішкентай ғана Дариға кіріп келді де мені құшақтай алды, бетімнен сүйіп
-Замандасым –ау қалайсың, немене арамыздағы жастауы сенсің соңымыздан қалмай алдымыздан кетем деген ойың барма, жаным-ау жаным дедіде жылап жіберді.
Мынау өткенге аңсап қайғырма дейт бірақ осындайда қайдан өткен ойыңа түспеді, кешеден бері осы жолдастарым ойымнан шықпай-ақ қойды. Өткенге үңіліп қарап отырып есіме неше түрлі түсті. Бірақ мына жанымды әкетіп бара жатқан ауыру қояма, жанымды жегідей жеп ақырындап жансызданып бара жатқанымды да сезетін сияқтымын. Дедім Дәмекеңе қарап.
Дәмеке біздің үйде қалды қалғанан не бар дейсің кеш бата келе ауырлап кеттім скөріні шақыртып ауруханаға алып кетті. Кең шаңырағымнан нәсілкеге салып алып шыққанда әлі де есім бар, қайран Жаратқан ием ау кемпірімді аман сақта деген шалдың соңғы сөзі құлағыма естілді. Осыдан кейін мен су қараңғыдан басқа түк білмеймін. Енді бірде құлағыма құстардың шиқылдағаны келіп тұр әл дәрмені таусылған көзімді әрең ашып қарадым күн сәулесі жарқырап төгіліп тұр жанымда үлкен ұл мен қыз бар. Жан жағыма қарайлап шамам жетпеседе
-Әй әкелерің қайда деп сұрадым. Әлгі қыз маған қарап О мама как ты? Дей салды
Мен ол сұраққа жауап қатпастан жан тірегімді іздеп
Кенжетай қайда деймін –дедім Оған ұл мен қыз біріне бірі қарап
-Мама папка үйде жатып қалды кешеден бері басын көтерген жоқ ауырып жатыр сені іздейді деді.
Сүйтсем олар мені сұрап алып кетуге келген екен менің жиналатын нем бар қалай келдім солай кетіп бара жатырмын. Үйге жеткенше ойымда бір-ақ нәрсе Құдайым-ай өз арманын тілеп алдыма бұ шал? Үйге жақындай бере үлкен ұлға біреу звандады түрі бұзылып өңі қашқанын көзін әрең ашып отырған мына менің өзім байқадым. Маған бұрылып мам папа ауырлап кетті сені іздеп жатыр дейді дедіде қайта телефонды қолына алды. Ендігі тілек Алламау шалыма жеткіз жылдам жеткіз деген сәні жоқ болсада мәні көп тілекті теледім. Әйтеуір міне таныс үйгеде жақындап қалдық, әлгі ұлдың телефоны шырылдап болмайды. Үйдің жанына жақындап келіп тоқтай сала екеуі үйге қарай жүгірі кіріп кетті мені әлгі скоройдын жыгыттері көтеріп кіргізді алдын күнгі осы үйге енді жаны жоқ денем кіреді ме деген ойымды бұзып жібердім шалымнын Күнімжаным деген дыбысы құлағыма келеді. Міне енді бір мезет енді бір аздаған секунд мен оның қолына да жеттім маған күлімсіреп қарап бар айтқан сөзі
Жаным болатын қолымнан қысып ұстап тұрған қолының жылулығы жоғалып сылқ етіп түсіп кетті. Кежем ау деп жылап жібердім бірақ оның жаны бұны естімеген еді жанындағы жолдастары балаларым бәрі жаз жылауда біреуі әкешім десе біреуі жан жолдасым деп зар жылап отыр. Міне осы мезетте оны бар жоқ сүрген жетпіс екі жыл өмірі менің көзімде жалытдап өте шықты. Оның маған деген махаббаты дәл осы тұстан қиылған еді. Бірге болған жастық шағы мен үшін ерекше күндер көз алдыма бұралып келе берді ытқып шыққан жас оның қолына моншақтап аққан болатын бір ақ оны жаны мұны сезбеді. Көзінен ағып жүзінде бір-ақ тамшы қалған екен сол тамшы менің Кенжемнің жаны екенін артынан бірақ түсіндім...

Бірер сағаттардан кейін жолдастары оң жаққа салды оны бәрін мен құлағымнен естіп отырған едім... жаным Дәмеке келіп құшақтап жылап Аллам-ау Кенжекеміз кетіп қалда-ау арада деп зарлайды. Мен сонда оған бар жауап қатқаным арманы орындалып кеттіғой менен бұрын кетем деп еді менің алдымнан кетті құдайға сенімінің дұрыстығының арқасында емеспе...
Түнде бір әлсіреп жатып қалдым жанымда Кенжем емес Дариға отыр бір ұйықтап кетіппін аппақ көйлек киіп жартастың шетінде тұр екенмін артыма бұрылып қарап қалсам Кенжетайым тұр маған ақырын ғана жымиып қарап қояды, қолымды созып едім жете алмадым енді бір мезетте жанымнан шығып қарап тұрды да ғайып болды менде оянып кеттем сөйткен уақытта таң атыпта қапты Дәмеке жанымда тұр екен
Әй соңғы рет көресіңбә Кенжеңді? Деп айқай салды менде ойланбастан апаратын кісі болса көргім-ақ келіп тұр дедім көтеріп кіргізді табыттың үстінде ақ оралғын мені бар өмірімнің мәні мен сәні жаным мен жалғыз тірегім жатыр мойын жағына төменде жанымау сапарың оң болсын деп жылап жібердім соңымнан кіргендердің бәрі жылап жатыр жібергім келмей мойынынан құшақтап алып бірер секунд тұрдым содан соң Күнімжан енді сабыр бол Кенжеңді қанша сағынсаңда оралмайды ол келмеске кетті айналайын ауыр болады жіберреғой деп ақырынғана менің қолымды алып тастады бет жүзіне қарап үлгердім, бірақ көрер несі қалды дейсіз жұмылған көз бен не жыламайтын не күлімсіремейтін бет бейне шығып бара жатып жан-жарымау жан жарым келмеске кетіп қалдыңба деп зардай шықтым. Комнітеме апарып отырғызып кетті еңіреп жылап отырмын сол бағанағы екі ауыз сөзімді қайталап.Дәмеке келіп онымен бірсыпыра жыладым. Бірер сағаттан кейін ал мәйітті шығарамыз деп хабар берді бәріміз дайындалып жатырмыз мені орындыққа отырғызып шығарды. Жанымның басы көріне бастағанда жүрек етім езіліп Жан жарым-ау деп жылап жібердім. Соңынан зарлай отыра шығып жанына отырдым бұл сонғы мезет бұдан кейін мен оны көрмеймін сонғы минуттар соңғы сөздер соңығы дұға оқылды... Жаназа намазын оқып ал кеттік дегенде Жан жарым-ау сапарың оң болсын жаным-ау аман бол қаьбырың нұрлана берсін деп зарлап шығарып салған болатынмын. Бұл менің өмірімнің соңғы белестері болатын...

Осыдан соң Күнімжан үш күн сала көз жұмады әрине екеуі бұл өмірде Аққудай еді бірінсіз бірі өмір сүре алмаушы еді. Кежетайды Кенжемдеп еркелетіп бірін бірі қолпаштап жүрген екі кәрі аққу осылайша бұ дүниеден о дүниеге қарай ұшып кеткен болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?