Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

 Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

Асқақта тұғырлы Тұлға

«Талабы мен еңбегі екі жақтап,

Ортамызда Ұстаз тұр нық асқақтап»

Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.

Болмаса егер мұғалім,

Білмес те еді көпшілік

Бүкіл әлем,жер жүзін

Ұшпас та еді ғарышқа

Тоқтар менен Гагарин.

Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы.Осындай,талап-талантымен,дара да елеулі ерекшелігімен аймағымыз бен елімізге білімді ұрпақ дайындап, үдемелі үлесін қосқан мәртебелі мұғалімнің бірі-Ботагөз Байқадамқызы. Ұлағатты ұстазымыз білім нәрімен сусындатқан ардақты жан. Ботагөз Байқадамқызы бар бітім-болмысы, жүріс-тұрысы, сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы, бәрі-бәрі менің балалық пәк жүрегімнің түпкірінен орын алды. Барлық болмысымен өз білгенінің бәрін шәкіртіне үйретуден жалықпайтын Ботагөз мұғалімнің бойынан асқан мейірімділікті,парасаттылықты,сабырлылықты,жан-жақтылықты көруге болады. Өйткені ол кісі- шәкірт үшін жаралған жан. Ақылы көркіне сай Ботагөз Байқадамқызы рухани білімге бай. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін,ерекше талантты қажет еттен адамға тән қасиет.

Қазіргі біздің дәуірде ұстаз сыйының жойылғанын байқаймын. Меніңше, бұл әрекеттің дұрыс еместігі. Шынымды айтатын болсам,отбасыма барып, ұстаздарымды жегедей жамандаған емеспін... Себебі: бізді білім нәрімен сусындатып,біз үшін ақ тер көк тер болатын жанды қалайша бағаламасқа... Жойылып бара жатқан ұстаз мәртебесін- отандастар,замандастар нық көтеріп, қолдап жібірейік... Қай мықты болса да,барлығы ұстаз ана-дан үйренген. Кез-келген жан ұстаз бола бермейді. Ұстаз жолы-әрі күрделі,әрі абыройлы. Біріміз түсінсек,біріміз түсінбей дал боламыз... «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші бізге «оқыңдар,үйреніңдер,іздеңіндер» деген ақ пейілді, кең жүректі жандарды ренжітіп алмай,барымызды бағалауды үйренейік құрдастар!

Өмірде адал,асқақ адамдар бар,

Өркенді іс, өнегені үлгі қылар.

Өлшеусіз ізгі ниет, еңбегімен

Өшпестей ұрпағына ізі қалар

дегендей ұлағатты да ұлықты ұстазымыз мәңгі жасай берсің!

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтте қолымызға қалам ұстатып, біліміміздің бастамасын шығарып, үздік те, үлгілі болуымызға көп себеп болған ардақты да,аяулы ұстаз. Біз Ботагөз Байқадамқызының шәкірті болғанымызға қуанамыз,әрі мақтан етеміз.

Ботагөз Байқадамқызы шәкіртінің жүрегінде,әріптестерінің тілінде,мектептің төрінде. Шарапаты нұр,шапағаты зор,асқақ та Тұғырлы Тұлға есімізде мәңгі сақталады!

Қазақстанның еңбек сіңірген ұлағатты ұстазы болуға шын жүректен тілектеспін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?