Бір күнде-бір жақсылық жасайық

 Бір күнде-бір жақсылық жасайық

Нағашыбай Күнсұлу 10-сынып

Адамды тұрар адам қып,
Ақжүрек пен адалдық.

«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.

Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім... Біз жақсылық жасап қана қоймай келер ұрпақтың да бойына сіңіріп өсіруіміз керек, себебі біз болашағымызды жарқын деп елестетеміз. Ал ұрпағымыз саналы, қамқор рухани тәрбиеге бай болып өссе міне бұл да келер ұрпаққа жасаған жақсылығымыз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген мақалда дәл айтылғандай, шыныменде адам баласы қайырымдылық жасаса өз ортасында сыйлы, мәртебесі қатыгез адамға қарағанда бір саты жоғары болады.

Егерде жақсылық жасап, сонымен қоймай, жақсы сөйлеу үшін адам өз-өзінен есеп алып,жаман қылықтары болса күресуі керек. Сонда ғана адам өзіне де мол сауап жинайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?