Менің отаным - Қазақстан!
Ықылым заманнан келе жатқан бостандық пен азаттыққа деген қазақ жұртының ұмтылысы және соған қатысты көзқарасы ,міне бүгін бейбіт өмірде де өзінің мәнін жойған жоқ,керісінше,халқымыздың бодан болған жылдарды ара-тұра еске алып,өткенге өкініп емес,мақтаныш,құрмет сезімдерімен қарап,ұлы Тәуелсіздігімізді тағы да бір қастерлеп жүруіне бастап келе жатқандай. Тәуелсіздік,шынында киелі ұғым. Сан ғасырдың сағымды жылдарында аты қалған батыр бабаларымыз,одан беріде кеңестік заманның қылышынан қан тамған алапат тұсында құрбан болған арыс азаматтарымыздан кейін аштыққа қарсы үн көтерген қазақтың Рысқұловы,86-жылғы қанды қырғынның қарлығаштары, теңдік аңсаған еліміздің еркін ойлы жастары осынау қызыққа толы қуанышты күндерді көруге тиісті емес пе еді?!
Иә,осындай қияметпен келген асыл арманның құнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе? Өмірімізді шаттық пен жақсылыққа толтырып,болашақтың жарқын болатынына сендірген қайран Тәуелсіздік көзді ашып-жұмғанша жиырма беске де келіп қалыпты.Менің Отаным Қазақстан дейтін әрбір азаматтың көкейінде бұл шарапатқа қалай жеткеніміз турасында толғаныстар жүретіні-осы мамыражай заманның нұрына шомылған санамыздың уақытпен бірге өсіп-өркендегеніндей жаңарудың басы,жабығудың аяғы екнін дәлелдейтін дүние. Жақсы күндерге қалай жетсек,оны сақтап аялауға да соншалық махаббат пен ықылас,сенім мен қолдау керектігі бізді ойландыруы керек және әрдайым жасампаз еліміздің жарқын болашағын үлкен күш-қуат,зор ерік-жігермен қарсы алуға міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.
Кешегі Ахмет ағаларымыз армандаған сауатты қазақ бұл күнде өркениетке ұмтылған жаңа мәдениет пен серпінді білімге қол жеткізіп, осы күнге дейін жеткен табыстарымызды безбендей отырып,алдағы уақыттарда қандай игіліктермен баюға болатынына көз жібереміз. Тәуелсіздік туы желбіреген 25 жыл қазақ елі үшін көптеген жақсылықтың нышаны, жемісті жетістіктердің тұғыры, өркениетке талпыну арқылы ғажайыптардың жүзеге асатынына сендірген молшылық,шексіз мүмкіндіктер кезеңі болды дегім келеді. Расында Қазақстан әлемдік биікке ұмтылған танымал мемлекет болып,төрткүл дүниені өзіне қаратып отырған дамушы мемлекет ретінде жан-жағымыздағы елдерді қызықтырып,барынша жаңа заман сахнасына көтерілген елге айналып үлгерді.
Жаңа ғасыр-білім ғасыры саналғаннан бастап,қазақ жастарының жаhандық білім мен мәдениетке сусындауы қарқынды дамыды. Осылайша орта деңгейде өркендеп келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздікке тәубе етіп,шуақты күндердің шапағатын сезініп келеді.
Елбасымыз елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға жетелеуді ерте қолға алып,халықтың барлық тұстан әл-ауқатын жақсартуға орасан қажыр-қайрат жұмсады. Әсіресе,білім көкжиегіндегі жастардың үлесіне ерекше көңіл бөліп,білім-ғылым жүйесіндегі оң өзгерістердің орнауына ықпал етті. Елін сүйетін,халқын ардақтайтын,тарихы мен дінін,салтын қадірлейтін қазақ қызы ретінде мен осы айтылған мазмұнды үдерістердің бірде –бірінен қалыс қалғым келмейді. Мен де ұлы Қазақстанның перзентімін,ұлы Тәуелсіздіктің замандасымын,ендеше,өз заманымның өзекті өзгерістеріне немқұрайды қарауға хақым жоқ деп есептеймін. Қазақстандай еліміз болғанына жүрекпен қуану аз шығар,оның аласапыран жылдардан қалған жан жарасын емдейтін жаңарудың жаршысы, ізгіліктің ізбасары бола білсем,жаны жақсылықты қалап тұратын ақпейіл қазақтың,ақжарқын ұлттың ұрпағы екенімді дәлелдер едім. Дәл қазіргі уақытта көз ілеспес жылдам дамуға ілесу де оңай емес,дегенмен, елді бастап,көшті түзейтін тұлғаларымызға сеніп,берік тәуекелмен мақсатты бағыт алып келе жатқанымыз да көңілге қуаныш ұялатады.
Рухы биік халықтың байлығы да,құндылығы да оның өзіндей дана және мәңгілік. Мәңгілік болатыны ғасырмен құрдас,тартымды болатыны табиғатқа жақындығынан шығар... Қалай болған да да халқымыз әлі де мың жасап,артқыға із қалдыратын кемеңгер,данышпандығынан танбаған «нағыз қазақтығын» сақтап қалуы тиіс. Ақын Қадыр Мырзалиев өлеңде мақтаған «Осы,міне,танып қой!» дейтіндей қазақтың келбеті мен болмысын жан-тәнімізбен,ой-санамызбен,әрекет-ниетімізбен болашаққа алып бару,сөйтіп ол аманатты келер ұрпаққа табыстау-бізге,баршамызға міндет. Себебі,бізге де алдыңғы жақсылар солай жасаған,жақсылықты біз ғана емес,біздің ұрпақтарымыз да көруі тиіс.
Тәуелсіз Қазақстан-ауқымды ұғым. Көлемді ақпарат.Шексіздік символы. Мен сондай байтақ әлемде өзімнің кішкентай нүкте екенімді білсем де,сол ұлан ғайыр әлемнің бір қажетіне үлес қоса алатыныма сенімдімін. Менің арманым-тыныш дүниенің тынымсыз қызығына тоймайтын жақсы талапты жастардың санасы ашық болса екен және өз еліне тілімен емес,жан жүрегімен жаны ашитын адам болып қалыптасса деймін. Заман зырғығанмен,уақыт көшіне еруге қашанда біздің алғыр халқымыздың шамасы да,күш-қайраты да жеткен. Ендігі біздің міндетіміз- өзіміз жақсы көретін,өзгелер қызығатын берекелі бақытымыз-Тәуелсіздікке көздің қарашығына қарағандай қарап,еңбекпен бақытымызды одан әрі баянды етуге күш салу. Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз ойлайтын білімге құштар жасы болғандықтан,еліміздің өткенін сыйлап,қуат алып,бүгініне шүкірлік етіп,болашағына сүбелі үлес қоссам деген ойларым да бар. Сабақ барысында алған керемет білім көзі мені күн сайын, сайын даланың таусылмас армандарымен арбап,алға жетелейді. Не деген ұшан-теңіз білім мен ғылым! Осының бәрін біздің алғыр ата-бабаларымыз меңгеріп,кейінге қалдырды. Біз солардан қанша дамыған дәуірде өмір сүріп жатқандықтан,олардан да көп білімді болуға тиісті екенімізді ойлаймын. Ойлаймын да,қайран қалам. Қазақ деген тумысынан кеңдікке құштарлығымен, білімді игергіштігімен, өнерге бейімдігімен жат жұртты таңқалдырып келген. Солай екен, біз де жаңалыққа қолы барынша жетіп тұрған бақытты ұрпақ екенімізге қуанып,терең ғылымның тұнығына көз тастап,өз болашағымызды өзіміз бұрынғыдан да қуатты,қайратты етуге қадам басатын уақыт жетті.
Еліміздің бақыты-еркіндігінде. Байлығы-тыныштығында. Қуаты-өнері мен білімінде. Болашағы- парасатты жастарында. Сол парасатқа лайық тұлға болу әр жастың арманы болса,қазақ елі көреген бабалар көксеген,мұраты айқын мәңгілік ел болатыны анық. Шет мемлекеттерде білім алып жатқан қаншама жастың болашаққа арнаған мақсат-мүддесі ел болашағымен мүдделес болатын болса,онда біздің өзіміз армандаған мәңгілік бақытты елге айналатынымызға сенуге болады. Жақсы ой,жақсы үміт, асыл армандар ғана адамды алға жетелеген. Біздің тәуелсіз, жас,жас та болса жасампаз мемлекетімізге тәуекелшіл,бастамашыл қамқор қайраткерлеріміздің қолдауы керек. Жаңалыққа қарай бар пәрменімен жан салып қадам басқан менің Отаным Қазақстандай ел басқа еш жерде жоқ. Мен өз еліммен,оның мөлдір ауасы,көркем табиғаты,дархан даласы,жомарт пейілі,кең жүректі болмысымен бір өмір мақтанамын және оның өзім қолдай алатын әрбір әрекетіне тамшыдай үлесімді қоса жүріп,сәт сайын бақыттың не екенін сезінетініме қуанамын. Міне,мен өз елімді,Тәуелсіз Қазақстанымды осылай сүйемін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?