Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

 Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет
Сабақ тақырыбы: Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау
Сабақ мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісіндегі Ақ Орданың рөлін анықтау.
БЫМ Орта ғасырларда Қазақ хандығының негізі болған қандай мемлекет орналасқан? сұрағын қойып жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары анықталады.

Мұғалімнің түсіндіруі:
Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды.
1-тапсырма(Д/Ж). Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтары анықтаңыз
Қандай ортағасырлық мемлекеттердің тарихымен ұласады?
Материалдық және рухани мәдениеті, тіл бірлігі қай мемлекет тұсында қалыптасты?

Оқушылардың жауабын тыңдап болған, мұғалім өзінің ықтималды жауаптарын көрсету арқылы, сәйкестікпен, қандай мәселеге назар аудару керек екені айтылады.

2-тапсырма(Д/Ж). Дереккөзімен жұмыс.
Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына нақты дәлелдер келтіріп талдаңыз.
Мемлекеттер территориялық аумағы саяси басқару жүйесі этникалық құрамы шаруашылығы
Ақ Орда

Қазақ хандығы
Қорытынды ой:

Дескрипторлары:
 Территориялық құрылымы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіреді;
 Территориялық құрылымы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
 Саяси басқару жүйесі бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіреді;
 Саяси басқару жүйесі бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
 Этникалық құрамы бойынша Ақорда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіреді;
 Этникалық құрамы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
 Шаруашылығы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіреді;
 Шаруашылығы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
 Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіріп, қорытынды ой түйін жасайды.

3-тапсырма(Т/Ж). Инфографика жасау.
Қазақ хандығының қалыптасуындағы Ақ Орда мемлекетінің рөлі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 167



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?