Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

 Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ
Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.
Т Ұйымдастыру бөлімі.Топтастыру
(Б) Өткен материалды еске түсіру.

М Сабақтың қорытындылау сабағы екені ескеріледі. Тарихи концепт пен бағалау критерийлері назарға алынады.

Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Зерттеу және талдау

М Зерттеу сұрағын ұсыну:
 Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?
 Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?

(Т) Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдері мен дағдыларын қорытындылау үшін «Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?», «Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?» деген зерттеу сұрағы талқыланады. Зерттеу сұрағының төңірегінде ой-тұжырымдар қорытындыланынып, төмендегі тапсырма орындалады.
Әр топ зерттеу тақырыбы бойынша жинақтаған білімдері мен пайымдары негізінде материалдық және рухани мәдениет үлгісінің өз кезеңіндегі (ежелгі, орта ғасырларда) рөлін (адамдардың өміріне әкелген өзгерістері) және қазіргі кездегі маңызын (күнделікті өмірде көрініс таба ма, неліктен маңызды деп бағалаймыз) зерттеуі тиіс.
Төмендегі критерийлер бойынша бағалауды ұсынуға болады:
Нәтижелілігі – адамдардың өміріне ықпал етті ме, түбегейлі өзгерістер әкелді ме? – деген сұрақтарға жауап береді.
Мәнді – адамдар сол кезде немесе уақыт өткенде қолданды ма, осыған байланысты пікірлерін білдірді ме?
Есте сақталуы – адамдар күнделікті тұрмыста пайдалана ма, қазіргі кезде талқылағанда тоқтала ма?
Қайта жаңғыруы – белгілі бір уақыт кезеңінде еске түсіру және халықтың арасына кеңінен тарату өзекті болды ма?
Ашылуы –мәдениет үлгісі сол кезеңнің тұрмысын толықтай ашып көрсете ала ма?
Бағалау критерийі:
Бағалау- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістіктерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 001



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі