Менің туған өлкем
Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.
Қазақстанның Солтүстік қақпасына айналған менің туған жерімнің табиғаты да әдебиетіміздің асыл мұрасына айналған шығармаларға арқау болды. Ерке есілдің сән салтанатын Сәбит Мұқанов та сипаттайды. «Есіл...Шілденің шамырқанған сарша тамыз кезінде Есіл өлкесі адамның көзіне күндік жерден шалынады.Күн сәскеден көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Есілдің алабына сыймай,қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді.Төгілген сағымның толқыны тулап, шиыршықталып аспанға шапшиды. Шапшыған толқынды сағым сай – салаларды өрлеп,қанатын кең жазады». Керемет сипаттау! Осы сипаттау арқылы әрбір өскін бала табиғатқа сүйсіну арқылы өзін табиғат бөлшегіне ұқсата алады. Мұнда Есіл бойының табиғаты, жеке көріністері жазушының тіл көркемдігімен керемет суреттелген.
Мен өзімнің эссемді эмоциямен бастап жібердім. Бірақ эссе тақырыбын ашуда өзектілігі, біріншіден, біздердің, болашақ жастардың, Отанға деген қызметі, Отан мүддесі үшін үлес қосу – кішкентай туған өлкеңе деген махаббаттан басталуы, екіншіден өз-өзімізге деген сүйіспеншіліктің арқасында ғана мұратқа жетуге болатынында. Эссе мақсаты туған өлкеңнің тарихына, табиғатына махаббатты негізге ала отырып, Отансүйгіштік қасиетпен үйлесімділікті табу. Ал, енді Жаңа Қазақстанның оқушылары, біз үшін жаңа міндет – жаңа сан алуандықтарды негізге ала отырып, Жаңа Қазақстанды жаңа жарқын болашаққа жеткізу. Отан махаббаттан басталатын болса біз махаббатпен алға қадам бастауымыз керек. Себебі, махаббат – адам бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың діңгегі. Шынымен де, елімізге деген махаббат кенеттен пайда болады да, ешқайда ешқашан ғайып болмайды. Отан тақырыбы осымен өзекті деп түсінемін. Отан тақырыбын ашуда туған өлке арқылы бойымыздағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытамыз.
Туған өлкем Шал ақын ауданы. Еңбегі еліне сіңген, өлеңдері бүгінгі күні әр азаматқа үлгі боларлық ақын. Ақын өлеңдері мектеп бағдарламасында бар, республикамыздыі әр оқушысы оқып, үлгі тұтады. Шал ақынның өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады.
Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі. Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі:
Ата менен ананды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші.
Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды.
Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақын өлеңдері бүгінгі күні де маңыздылығын жоймаған, арта түскен деп білемін. Мен мақтанамын!
Өлкеміздің ақындары мен ғалымдары қаншама.... Олардың әрбіреуі туған өлкемізге қызмет еткен ұлы тұлғалар деп білемін. Біз бүгінгі ұрпақ олардың аттарын жатқа біліп қана қоймай, еңбектерінің бүгінгі күні өзектілігі мен маңыздылығын ашуымыз керекпіз деп түсінемін. Жоғарыда таңқалдырған табиғаты туралы айттым, енді сол табиғатты қорғау біздің қолымызда.
Кез келген мемлекеттің сенген қырандары – жастар. Жаңа Қазақстанды жаңа жарқын болашаққа жетелеу үшін бойымызды рухтандырып жүрейік, жүрегімізде махаббат сезімі болсын, себебі өмірде ең ғажайып дүниелер махаббаттан тарайды.
«Қазақстан 2050» бағдарламасында «Қазақстан – жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан. Мен өзімді жасыл желекті, мөлдір сулы өлкедегі өсіп тұрған ағашқа ұқсатамын. Еліміздегі әрбір ағаш Қазақстан табиғатын қалай көркейтсе, мен де республикамыздың дамып гүлденуіне өз үлесімді қосуға тырысамын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?