Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары)

 Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары)

Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Erkebulan Kalken
    Erkebulan Kalken 23.09.2014 08:01
    0 + 0 -
    Prosto super
    1. Оқырман Батырбек
      0 + 0 -
      Сасық сүйінбай деген ақынсымақ Батырбек Датқа ға айтпақ тұрмақ қасына да жолай алмаған. Бұл өлеңді тексіз, екіжүзді, сұмырай ұрпақсыз қалған шерхан мұртазаның жазғаны. сыпатай сатқын Хан Кенесарыны байзақ датқа таз екеуі сатып қашып кеткен қырғызға тастап. Сол үшін колабарантты Әскербасшы қыпшақ Әлімқұл байзақты өз Ханыңа опа бермеген сатқынсың дер зеңбіреке байлап атып жіберген. Оның баласы акмолда қаншер Черняевтың итаршысы болып жол көрсетіп басқыншының малайы болған. Бұл тарихта әлі тексеріліп ақ қарасы анықталар уақыты жақын. Тексіздер отты өршітіп шерхан мұртаза құсап боқтарыңа көміліп қараусыз қалғыларың келмесе өтірікті жаза бермеңдер.