Халқын сүйген Абай

 Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді. Абай өз заманының – суретшісі.Оның өлеңдерінде шындық, ақиқат суреттеледі. Біз Абай ақынды ешқашан ұмытпаймыз, мәңгілік жүрегімізде қалады. Оның аты ешқашан өшпейді. Халқын сүйген Абайды бізде жақсы көреміз. Өлеңдерін сүйіп оқып, жатқа айтамыз.Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білімге үйренуге шақырды. Абайдың әр сөзі мағыналы. Абайдың 45 қара сөзі бар.Абайдың әр қара сөзін адамдар өздеріне үлгі ретінде оқиды деп ойлаймын. Абайдың орны қазақ әдебиетінде , қазақ халқында ерекше. Абай –дана, Абай-дара.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?