Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

 Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды.

Иә, түсінемін, дәрігер болу оңай емес. Бұл мамандық жайында осы саланың білікті мамандары: «Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек», -дейді екен.Менің ойымша, дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан жалықпау қажет. Әрдайым ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Себебі дәрігер - күрескер адам. Орысша айтқанда, ол – «Борец». Ол жұмысын күресумен өткізеді. Қатерлі дертпен күреседі, ажалмен күреседі.

Мен дәрігер мамандығын таңдағым келеді. Өз ісімнің білікті де білімді маманы болсам, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз шыңдап, әр науқастың дертіне дауа, шипа бола білсем. Қысылған адамға бар қызметімді жасасам, жылы сөзіммен, ақжарқын адал көңілмен сырқаттың жайын таба білсем, жанары жәутеңдеп келген сырқаттың дертін емдесем, өзін мазалаған сұрақтарына жауап бере алатындай дәрежеде болсам деймін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?