Тәуелсіздік

 Тәуелсіздік

Баяхметова Арайлым
10 сынып, №54 орта мектеп
Алматы облысы Сарқан ауданы Лепсі ауылы
Жетекші: Хамитқызы Амина

Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?”, «Қай жерді мекен еттік?», «Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?».
Біз өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұнның қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспандағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.
О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің урпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?! Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығы берік сақтауымыз керек.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өледе жаңа мемлекеттік дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттықты аңсаған қаһарман халықтың тәуелсәздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлыгына қарсы 200-ден астам ұлт азатық көтерілістерге шыққан екен. Сонын ең соңғысы таталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болды.
Тәуелсіздік-біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас бөлігі. Біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам бастық. Бұдан жұртты бүгінгідей күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Біз талай заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халық санын бір жарым миллионға дейін арттырды.
Осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміз біршама. Олар: Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен-Астана.
Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорданы қондырдық. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттердің рейтингінде Қазақстан өткен жолы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.Тәуелсіздік жолдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.
Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді.Осы жылдары 750жаңа мемлекеттер салынды. Халық татутәтті, саяхаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Ырысынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады.
Ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «…Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп,жаумен алысып,жатпен соғысып, күні-түні атысып,қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздарды жау жолында оққа ұшып өліп,сөйтіп алынған жер еді», - деп жазған. Талай-талай қас батыр жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан! Қазақстан-тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та,сұм соғыс та өтті. Әсіресе, хх ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды.
Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатын рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәулсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымыз ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Әр Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі