Тарих - тағылым -Тәуелсіздік

 Тарих - тағылым -Тәуелсіздік

Хайреденова Зарина
8-сынып, №8 Дарынды балаларға арналған
мамандандырылған облыстық мектеп, БҚО, Орал қ.,
Жетекші: Джумашева Гайша Мутиевна

«Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.
Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу.
Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау
Н.Ә. Назарбаев
Еліміз үлкен мереке қарсаңында. Ол - қазақ халқының ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік мерекесі. Қазақ елінің бүкіл тарихында тәуелсіздік үшін күрес ешқашан ұмытылған емес. Менің түйгенім - ерте кезеңдерде қытай және қалмақ басқыншыларына қарсы күрестер, ата –бабаларымыздың ерлік істері ертегілеріміз бен аңыздарымызға, әдеби шығармаларымызға арқауы болып келген. Жуықта ғана шыққан «Жаужүрек мың бала» атты көркем фильмінде қазақ жастарының ел бостандығы үшін жан аямайтын күресінің бір бейнесі ғана көрсетіледі. Біздің Батыс Қазақстан өңірінде орын алған Сырым Датов, Исатай, Махамбет батырлар бастаған көтерілістер туралы өз оқулықтарымыздан, әдеби шығармалардан оқып білдім. Әсіресе, көтеріліс басшысы - Исатай мен оның жолдасы ақын Махамбет туралы біздің Жаңақала ауданының жеріндегі «Тастөбе шайқасы» жөнінде облыстық газетте көп жарияланып жүр. Жақында Ақжайық телеарнасынан осыған арналған қойылымды көрдім. Ата –бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы өнегелі істері көп.
Солардың бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жалпы Кеңес халқының, соның ішінде қазақ жауынгерлерінің патриоттық ерліктері, тылдағы елдің балалардан бастап, еңкейген қарияларға дейінгі бейбіт еңбегінің нәтижелі белгісі. Біздің аталарымыз неміс-фашист басқыншыларынан елімізді қорғап қалды, көбісі қан майданда қаза тауып, елге оралмады. Сол соғыста Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларымыз ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар өз өмірлерін ел тәуелсіздігі үшін құрбан етті.
Ертең тойлағалы отырған мерекеміздің орны ерекше. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл. 1996 жылы 16 желтоқсанда, сол кездегі астанамыз -Алматыда, қазақ жастары Ресейдің жүргізіп отырған озбырлық саясатына қарсы шықты. Содан бері өзіміз сайлаған тұңғыш президентіміз –Назарбаевтың бастауымен үлкен табыстарға қол жеткізіп келеміз. Алдымен, шекараларымызды нығайттық. Ғасырлар бойына талай қырғын соғыстың себебі болған жерлерімізді көрші Қытай, Ресей елдерімен бейбіт келісімге отыру арқылы шештік. Өзіміздің елтаңбамызды, жалауымызды белгіледік. Әнұранымыз бар. Оның сөзін жазуға Н.Ә. Назарбаевтың өзі ат салысқан. Тәуелсіздігіміздің арқасында, қысқа мерзімде жаңа бас қаламыз- Астананы салдық. Астанада бір миллионға жуық адам тұрады. Құрылысының кеңдігі, көркемділігі дүниежүзін таңқалдырады.
Бұнда «Президент үйі», «Бәйтерек», «Ханшатыр» сияқты сәулетті үйлер көп салынып, аз уақыт ішінде бүкіл дүниежүзіне танымал болды. Себебі, мұнда бүкіл дүниежүзінің ғалымдары, саясаткерлері, үкімет басшылары талай рет жиналып, ауқымды мәселелерді талқылайды. Біздің Республикамызда 130 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Басқа елдердей бір де бір ұлт наразылығы болған жоқ. Бұл тәжірибемізден барлық елдер үлгі алады. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен 2030-шы жылға дейінгі істеріміз жоспарлы түрде жүзеге асуда. Біздер атом қаруынан бас тарттық және дүниежүзіне соны үлгі еттік. Мен оқитын мектепте сабақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді. Өзім орысша оқимын, бірақ ана тілім – қазақ тілін бірінші кезекке қоямын. Бізде көптеген өзге ұлттар мемлекеттік тілде сөйлейді және оны құрмет тұтады. Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі- ана тіліміздің дәрежесі көтеріліп, мазмұны жетілді. Қаламызда бұрыңғыдай емес, мекемелерде, дүкендер атауы, жарнамалар қазақша жазылады. Қазақ драма театры ашылды . Онда қазақша концертте, драмалар қойылады.
Тәуелсіздіктің арқасында қаламыздың көшелеріне белгілі қазақ адамдарының есімдері берілді. Жоғары оқу орындарына Махамбеттің, Жәңгірханның есімдері берілді. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» бабаларымыз алып берген ел мұрасын болашақта біз де көздің қарашығындай сақтап, өркендетуіміз керек. Мен осыны жақсы сезінемін. Ол менің болашақ өмірімнің өзегі болатынына сенемін. Тәуелсіз Елім мәңгі жасасын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!