Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші

 Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші

Мұратбек Гаухар
5- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі геосаяси кеңістікте танылып, дүниежүзінің саяси картасынан егемен мемлекет ретінде нық орын алды. Қазіргі кезде Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің көптеген елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Халықтың өніп-өскен топырағы Отанды қорғау қашанда ең ардақты іс болып саналған. адамның азаматтылығы, рух биіктігінің деңгейі ата-бабасынан қалған асыл мұрасы-Атамекенін, ұлттық келбеті -ана тілін, салт-дәстүрін,өнерін қастерлеумен,осынау ұлттық игіліктердің бөгденің табанына тапталып жойылмауын қамтамасыз ететін мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаудағы еңбегіне қарай бағаланбақ. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек, атабабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі-еркіндік. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт - ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Атабабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.
Тәуелсіздік-елдіктің киелі кепілі, келелі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны. Осынау тәуелсіздіктің бастауы,арқауы болған желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгілікке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Біздің мақтанышымыз - елі үшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, желтоқсан құрбандары.Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.."Желтоқсан көтерілісі-ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы,яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі-осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс-желтоқсан көтерілісі"деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек, бұл әшейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек. Қазіргі таңда 16-17-желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады.Сондықтан 16-желтоқсан қасіретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де"Арманға да қол жеткізген күн"деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек. Олар да ел жадында мәңгі сақталмақ. Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да - Желтоқсан. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы шайқалмақ емес. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде әлемге әйгілі, саяси тұрақты әлеуметтік - экономикалық, өзіндік даму жолына таңдау жасады. Тәуелсіздіктің толағай табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы-туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұны сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан өлеңдерімен де дәлелдеп келеді. Тәуелсіздікке жету қандай қиын болса оны сақтап қалу одан да қиын. Басқару жүйесі жолға қойылған баяғыдан бар бай мемлекетті басқару да оңай емес. Ал күл-талқаны шығып қираған, экономикасы қисайып қалған елде жаңадан мемлекет құру қияметтің қыл көпірінен де қиын екені анық. Еліне арқа сүйеген Елбасы өзіне тән кемел ойлы кемеңгерлікпен тәуелсіз мемлекет құрды.Кемел ойлы кемеңгер саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңашыл дарынымен,елдің жасампаз еңбегімен өмірген келген Астана қаласын көрген небір көнекөздер мен саясат сахнасындағы белгілі,беделді тұлғалар талай мәрте таң қалып тамсанды. Астана - дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы. Астана-батыс пен шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана-Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі"деген қанатты қағидасы, барлық қазақстандықтардың жүрегіне нұр шуағын құяды.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр. Осы кезде өмірге келген өскелең ұрпақ азамат болды. Олар есейіп, егемен еліміздегі әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда өз орнын табуда: бірі Назарбаев атындағы зияткерлік мектептерде білім алып жатса, бірі Президентіміздің"Болашақ"халықаралық стипендиясымен шетелде білім бұлағынан сусындап оқу оқуда, енді бірі еңбекке араласа бастады.Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері,қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі,өркендеуі,руханиэкономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүниежүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы - біздің мемлекеттің тәуелсіздігінде. Тәуелсіздік ехелден халқымыздың,талай ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың көксеген арманы болғаны - тарихи шындық. Сондықтан бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ. Тіпті өзімізді былай қойғанда әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары тарихи шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Бұл-қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы,елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі. Дербес ел болып,уығымызды қадап,шаңырағымызды көтеріп,ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі-осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай,оны ең қымбат бұйымымыздай құрметтеп,келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!