Міржақып Дулатұлы (Жаңа тілек)

 Міржақып Дулатұлы (Жаңа тілек)

Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,
Ескі жылды есмере де жүрелік.
Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,
Көзің жасты, көңілің қаяу, алашым!
Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым!
Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,
Қасекеңді қас масқара таптасын.
Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,
Аш көзіңді, болма баяу, алашым!
Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян, алашым!
Ұшқан құстай, суда жүзген балықтай,
Табиғатты қолданушы халықтай.
Сен де енді сергісейші жалықпай,
Жүргеңіңше мәңгі жаяу, алашым!
Бүгін халықтың қуанышы кең күні,
Күн менен түн - таразының тең күні.
«Құт-береке болмаса екен кем күні»,
Деп тілелік, қолын жай-ау, алашым!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!