Міржақып Дулатұлы (Сұлу қызға)

 Міржақып Дулатұлы (Сұлу қызға)

Сұлу қыз, қалың елден сені таптым,
Көрдім де тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесісің.
Оянған ұйқысынан табиғаттың.
Құмардан құр көргенмен шықпайды екен,
Кілті қолға түспей махаббаттың.
Күн шалмас, миуаңды алмас адам бар ма,
Шағынды күзеттім де қарап жаттым.
Бола алмай дидар нәсіп қол созғанмен,
Қызығын көре алмадым рақаттың.
Сыланып тоты құстай қыр көрсетіп
Аққудай биікке ұшып қанат қақтың.
Жалынын басатұғын жалғыз өзің,
Сөнбестей жүрегіме бір от жақтың.
Болмағы мұрат хасыл және өзіңнен,
Өзіне сырттан балап жүрген заттың.
Дей көрме - «кінә өзіңнен, обалың жоқ,
Қайғыға шат көңілді неге саттың?»
Сұлуым, қазы да сен, төрем де сен,
Мұңымды қайта айналып саған шақтым.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі