Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

 Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

Тусумбекова Индира
8 сынып, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі
Баянауыл ауданы
Жетекшісі: Бұғыбай Л.

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы
«Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды.
Ерлер есімі еліміздің мәңгі есінде.Мен осы шығармамды жазарда өзіме көп мәлімет жинадым.Өз аулымдағы ақсақал, қариялардың аузынан естіп, тақырыбыма арқау еттім.
Шығармамның негізгі бөлімін өз туған аулымнан майданға аттанған және тылда жұмыс атқарған, кір жуып,кіндік кескен жері үшін, аялап өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,жалын кешкен ер азаматтарға, шейіт болған аталарға арнағым келіп отыр.Қазіргі кезде ардагар аталардың көбі дүниеден өтті. артында бізге ізгілік істері қалды.Біздің ауылдан Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Тусумбеков Мұқан,Тайманов Шәріпжан,Айтқожа Сәденов,Әліпбеков Катран,Горячев Петр, Булышев Андреевич, Байдильдинов Қабаш,Молдатаев Қорабай,Байдильдинов Қафиз,Дауылбаев Абдулхамит тағы басқалар, елдің азаматтары майданға аттанғанда, ауылда қалған аналар тылда күні-түні еңбек етіпті, атап айтсам:Макашева Рысжан,Тулеубекова Мүгілсім, Ақботина Биғайша.Бұл әжелерді көзімізбен көріп мектепте кездесулер өткізіп, өмірлерінен естеліктер, бастарынан өткен қиын – қыстау кезеңдерінен біздерге сыр шертетін. Сол әженің айтқан естелігін ешқандай өзгеріссіз қаз-қалпында баяндайын. «Мен анамнан ерте айрылдым,әкемнің тәрбиесінде болдым. Соғыс басталғанда 13 жаста едім,елдің азаматтарының бәрі майданға аттанғанда, қалған жас бала, кәрі кісілер, аналар бәрі қара жұмысқа араласты, соның ішінде менде болдым. 1942 жылы Шөптікөл көмір шахтасына қара жұмыс істедім.Бәрі майдан үшін еңбек етіп,кисе киімге,ішсе тамаққа жарымайтын кез болды.Сөйтіп соғыстың ауыр жылдары өтіп жатты, қанша ауыр болса да ағаларымыздың, әкелерімідің аман – есен елге қайтуын тілеп жүрдік.1944 жылдан бастап Совет жауынгерлері немісті жеңе бастады деген жақсы хабар ауылға да жетіп жатты. Бала болсам да қуанышымда шек жоқ, ағаларымды аман көрем деген балалық қуанышым, көпке бармады, өйткені майданға аттанған үш ағамнан да қара қағаз келді.1945жылы майданнан қайтқан жауынгерлер елге орала бастады» -дейді. Бұл Макашева Рысжан әженің айтқан әңгімесі.Сендер біз көрген қиындықты көрмеңдер, өмірлерің бейбіт енді ешқашан соғыс өрті тұтанбасын дейтін. Әже 80 жасқа қараған шағында, екі жылдың алдында қайтыс болды. Осы әңгімеден кейін мен адамзат жүрегіне айықпас жара салған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпегенін түсіндім.
Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын да Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян.
Жоғарда аты аталған ардагерТусумбекова Мұқан – менің атам, менің мақтанышым, майданнан аман –есен оралыпты, анамның айтуынша,1941жылы тамыз айында Баянауыл аудандық әскери коммиссариятының шақыруымен 37 артиллерия полкіне, қару –жарақ номеріне шақырылады.1945жылдың қараша айына дейін 138 кавалерия полкінде кавалерист болды. 1945 жылдың 25 қыркүйегінде Чекословакиядан Жеңіс туын желбіретіп, елге,өзінің туған жеріне оралады. Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз.Мектепте осы ардагер ата-әжелерге арнаған тақта, аулымызда ескерткіш бар.Біз әр жыл сайын Жеңіс күні үнемі тағзым етіп, гүл шоқтарын қоямыз. Мектепте, аулымызда әртүрлі іс-шаралар, өмірлерін дәріптейтін тәрбие сағаттарын, шығармалар сайысы,өлең- тақпақтар сайысын және айлық,апталық жұмыстар өткізіледі.
Осынау Ұлы Жеңіс күнінде Отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен шейіт болған жауынгерлерді,қаһарман ерлерді ел болып еске түсіреміз. 9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні.Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ойымды қорытындылайын болсам: Мен XXI ғасыр перзентімін, егеменді елімнің ертеңімін.Бүгінгі ұрпақ біз, қан төккен ардагер ата –әжелердің даңқын,ерлік – істерін ешқашан ұмытпай, дәріптеуіміз керек. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болуы, біз үшін үлкен мақтаныш.
Бүгінде біздің басты міндетіміз – Отанымызды сүйіп, елімнің, жерімнің адал патриоттары болып, терең біліммен қаруланып,ғылым мен текниканың сан қырлы тетігін меңгеріп, әлемдік құндылықтарды бойымызға сіңіріп,бір мамандық иесі болып,келешек Мәңгілік Елімнің өсіп өркендеуіне өлшеусіз өз үлесімді қосқым келеді. Қазір дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болдық, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыз бір шаңырақ астында тыныштықта, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.Бұл - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз. Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі