Сыйға тартылған бақытты өмір

 Сыйға тартылған бақытты өмір

Сахимзадинова Айсана
9 сынып, Жалтыр орта мектебі,
Май ауданы
Жетекшісі: Базылбаева Э.Е.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.
Иә, «Жеңіс» деген сөзді сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір дүрсілдеген жүрек, әрбір жан, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларына қарсы еліміздің патриот азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып, армандары орындалды. Бірақ, сол Жеңістің оңайлықпен келмегені бәрімізге айқын. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп, миллиондаған қайсар азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Бала әкесін жоғалтып, жетім атанып, ана жарын жоғалтып жесір атанды. Фашистердің қолында қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы -қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Адам қаны суша төгілген сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы сәтінде –ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Әрине, бұл қайшыласқан кан майданда соғысқан азаматтарымыздың ер ісі біз үшін бейбіт өмірді алып келді. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым ету-біздің міндетіміз. Өкініштісі олардың саны күннен –күнге азаюда. Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен» ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен Мәншүк апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Осы намысқой қазақтың көксегені бүгін де орындалды деп ойлаймын. Менің ойымша, бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ. Қазақ болып туғандарыңды мақтан етумен қатар, ұлты үшін намыс пен күш- жігерін арнайтын, арлы жас болып өсу бақытын тілеймін. Ол тағы да қайталанбас үшін, біз соғыстың қасіретін есімізден шығармауымыз керек! Өз өмірлерін қиып, бізге азаттық таңын сыйлап кеткен сарбаздарды ұмытуға біздің қақымыз жоқ! Біз бәрін жадымызда сақтауға міндеттіміз! Өткенді ұмыту – Отан үшін, келешек ұрпаққа тастап кеткен бейбіт аспан үшін күресіп, жандарын қиғандарға деген естелікке опасыздық жасау деген сөз!
Өз ардагерлеріміз туралы айтып өту жөн болар. Біздің Отанымыз үшін өмірлерін құрбан еткендердің саны жылдан жылға азайып барады. Дәл осы жандар от пен суға түсіп, окоптарда тоңып, өзендерді кешкен, және осының барлығын біз өмір сүретін жерді сақтап қалу үшін жасаған. Қантөгіс соғыстың ауырлығын қайсарлықпен көтере білген, бақытқа әрі қайғыға толы, жақындарынан айырған ұзақ ғұмырды бастан өткізген адамдар. Сол адамдардың бірі менің нағашы атам Әубәкірұлы Қаматай. 1913 жылы туған, биыл ол тірі болса 102-жасқа келер еді. Қаматай атам көпке үлгі болған көркем адам дәрежесін көтеретін адал, әділ, кішіпейіл еңбекқор болған. Соның арқасында бұл фәни жалғанда парыз-қарыздарын ол бар мүмкіндігінше өтеп үлгеріп, енді міне, кімнің болсын алдында ары таза абыройлы ақсақал ретінде, жасына қарай жарасымды күй кешті. Айтса айтқандай, Отанына, ел-жұртына, тіпті ұзақ жыл мүше болған партияға да кінәратсыз, адал қызмет атқарып, қартайған шағында отбасының, ұрпақтарының, ағайын-туыстарының алдында абыройлы болды. Қаматай атам 13 жасынан комсомол қатарына өтті. Ауыл шаруашылық мекетебінде партия және комсомол жұмысшыларын даярлайтын 2 жылдық курста оқып шықты. Курс 1934 жылы ақпан айында аяқталды. Оқу аяқталғаннан кейін Павлодар райкомының бірінші хатшысы, Қазақстанның танымал революционердің бірі Абдулла Розыбакиевтің қабылдауында болған. 1934 жылы Семей облысының «Екпінді» газетімен қызметтесті. Алғашқысында қысқа ақпараттар жазды. 1938 жылы Павлодар облысының «Районка» газетінде корреспондент болып, КСРО журналистер одағының мүшесіне қабылданды. Жетпісінші жылдардың ортасына дейін «Шамшырақ» газетімен байланысты үзген жоқ. Соғысқа дейін Киров мектебінде пионертәлімгері болып жұмыс істеді. 1940 жылы партия мүшесіне өтті. 1941 жылы 15 шілдеде Волхов майданында 1078 атқыштар полкінің қатарында болды. Ұрыстардың бірінде бастан ауыр жараланып (ІІ дәрежелі мүгедек), демобилизацияланып, тыл жұмыстарына ауыстырылды. 1940-1941 жылдары «Көктөбе» колхозының партұйымының хатшы қызметін атқарды. 1943-1957 жылдары Аманкелді атындағы колхоздың және Көктөбеде партұйымның хатшысы болды.1957-1975 жылдары «Қызыл құрама» совхозының 4-бөлімшесінде цехтых партұйымының хатшысы болды. ІІІ-ХХІІ аудандық партиялық конференцияларының делегаты болды. Қаматай атамның ерен еңбектері үшін көптеген марапаттарының иегері:
1. «Ұлы Отан соғысы» Ордені.
2. «Германияны жеңгені үшін» Медалі.
3. «Ерлігі үшін» Медалі.
4. «Еңбек ардагері» Медалі.
5. «ҰОСда қажырлы еңбек үшін 1941-1945 ж.ж.» Медалі.
Бәрін айтып бірін айтпай болмайды дегендей, Смагұлов Матай Қазымбетұлы өз атамды да айтып кеткенім жөн болар. Ол 1915 жылы Май ауданың Майтүбек ауылында туған. 1933 жылы әскерге шақырылып 1941 жылы 42 гвардиялық 029-Н Казачье- кавалерийский полкінің қатарында болған. Шөптікөл-көмір кесіндісінде, Майқайың алтын, Май ауданындағы Қайнама көмір кесіндісінде кенші-бұрғылаушы болып жұмыс істеді. Ардагер нағашы атам да Ұлы Отан соғысына қатысып, «Ерлігі үшін» деген Медальмен марапатталған. Міне, ата – бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау - әрбір саналы азаматтың, біздердің борышымыз. Қан мен тер, қиылған өмір арқылы келген бостандық – тарихи шындық. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан да, еш уақытта естен шықпайды, ұмытылмайды.Біздер соғыстың,оның сұмдықтарының, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ. Барлығын есте сақтауға міндеттіміз. Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата – анамыз әрқашан қасымызда болсын! - деп тілеймін.
Мен соғысты көргенім жоқ, кеш мені,
Қаралы жыл қасіретін жырламадым кеш келіп.
Бірақ, мынау мұң танымас ұрпағыңның өскені,
Емес пе ел жадында қанды жолдың өшкені.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?