Ер қазақтың батылдық бар қанында

 Ер қазақтың батылдық бар қанында

Қадыр Гүлнұр
9 сынып
Жетекшісі : Байгулова Б.Қ.

1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды.Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз. Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Тіпті біздің батыр ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауапсыздық,қан ішершілік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол соғыс жылдарында «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiндесақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. Бауыржан атаның қаламынан шыққан «Москва үшiн шайқас», «Қанмен жазылған кiтап», «Ұшқан ұя», т.б. шығармаларын оқып шықтым. Оның шебер суреткерлiгiне, адам психологиясын танып - бiлудегi сезiмталдығына таң қаламын. Шығармаларыңызда әр кейiпкер өзгеше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды оқып қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымызкерек. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, әрине айтпай кетпеске болмайды олардың ішінде қазақ қыздарыда - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар.Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Ал Қазақстанда Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.
Бұл соғыс жылдарында қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Түні бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендермен, медальдармен марапатталды. Өзіміздің Қазақстандық батырларымызға ұшқыш Нұркен Әбдіровке, танкіші Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстандық құрамалар Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск доғасындағы шайқастарға, Днепрден өту мен Украина, Белоруссия, Молдова мен Балтық елдерін, Еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты. Соғысқа аттанған жауынгерлердің артындағы атааналары мен туған-туыстарының қан жылап қалғаны анық. Артында ұрпақтары жоқтар қаншама. Бесіктен белі шықпай жатып әскер қатарына шақырылған жандар да көптеп кездеседі. Соның бірі менің атам – Қыздарбек Әміренов. Атамды қатал тағдыр ерте есейтіп, небірі 18 жасында әскер қатарына шақырылған. 1942 жылдың наурыздың 13- інде атаммен бірге Тоғайбаев Оқас, Естаев Жәнәбіл, Айылбаев Қарман, Насыров Қасыбай, Дайырқанов Ақашөк, Сармұратов Зайырбай, Омаров Шәйкен секілді үзенгілес достары мен ағаларының арасында кете барады. Атамның есінде туған ағасы, қазақ халқына белгілі әнші Естай Беркімбаевтың баласы Жәнәбілдің: «Енді бірімізді қайтіп көреміз бе? Оны бір құдай біледі. Қайда жүрсен де аман бол» деген сөздері жатталып қалыпты.
Оқас, Ақашөк және менің атам үшеуі Қиыр Шығыста Жапониямен болған соғысқа қатысыпты. Кезекті бір шайқаста атам сол жақ қолынан жараланып алты ай госпитальде жатады. Содан не керек айықпаған атамды 1945 жылдың 30 желтоқсанында елге қайтарады. Ұлы Жеңіс күнін қан майданда емес, ауылда қарсы алғанына атам қатты қынжылды. Өмірдің ағымымен Шұға ауылына көшіп келген атам осы жерде көптеген қызметтер атқарған. Кезінде осы Шұға ауылынан бірге кеткен жолдастарының ортасында өмір сүрген атам, қазір сол жолдастарынан түгел айырылып, ауылдағы Ұлы Отан соғысының дерегі ретінде қалған жалғыз-ақ жан. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жолдастарын еске алатын атамның көздерінен ыршып түскен жастар, оның көп қиындық көргенінің айғағы секілді. Отан үшін жанын берген атамды өміріме үлгі етіп, айтқан ақылдарын есте сақтап қана қоймай соны өз өмірімде қолдануға тырысамын. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Осы жеңіске арнап «Қазағым» деген өлеңімді қабыл алсаңыздар:
"Алашым" деп ұрандаған өр қазақ,
Батылдықпен ел қорғаған ер қазақ.
Қазақ елі "қазақ" болып жеткенше,
Арылмады ер қазақтан көп азап.
Еркіндік пен тәуелсіздік жолында,
Ер қазағым берді бәрін жанында.
Қиындыққа қайыспай қарсы тұрар,
Ер қазақтың батылдық бар қанында.
Ер мінезді алыптарды тудырған,
Шындықпенен әділдікті жырлаған,
Ер мінезді дана қазақ, кең қазақ,
Құшағына бар әлемді сыйдырған.
Бағындырып асуларын ғаламның,
Шыңнан асып, бар әлемге танылған.
Тілегім сол туған елім, жеріме,
Гүлдене бер, гүлдене бер, Қазағым!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі