Бағалай білейік Жеңісті!

 Бағалай білейік Жеңісті!

Байділда Фариза
8 сынып, «Дарынды қыз балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты»
Жетекшісі: Айгерім С.Ж.

Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады.
Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік
Бауыржан Момышұлы
Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңісімізге 71 жыл толып отыр. Арада көп уақыт өткенмен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз есімізден кеткен емес. Оларды үйлерінен айырып соғысқа алып кеткенде, қаншама жас төгілді. Жүрегінде “елім, жерім” деген ұраны бар миллиондаған адамдар сол соғыста көз жұмды. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыз елі мен жері үшін, елінің азаттығы үшін өмірлерін сарп еткен. Жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, дұшпанның туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіс күні туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді барлығымыз еске аламыз. Қазақ жерінен соғысқа аттанған 2 миллионға жуық қазақстандық азаматттар ерлік пен елдіктің, батырлық пен батылдықтың, өрлік пен қайсарлықтың мәңгілік символындай жарқырап тұрмақ тарих беттерінде. Себебі қанмен жазылған тарих ешқашан ұмытылмайды...
Ұлы Отан соғысы жылдары халқымызға төнген ең ауыр да қаралы кездер болды. Бұл соғыс жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Елі мен Отаны үшін аянбай қызмет етіп, әділдікті жақтап, шындық жолын қуып, жанын пида етуге әрдайым дайын болған бабаларымыз. Себебі қазақ халқының рухы қашанда – өр, тәні қашанда – бекем! Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер бергендердің бірі - Жамбыл Жабаев.
Ақынның сөзі өте батыл, мұраты айдай айқын. Ақын ұлт мүддесін, халық зарын жан-тәнімен сезіне білді, туған еліне деген сүйіспеншілігі жүрегінде алаудай лаулады. Қазіргі кезде Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толып отыр. Бұл да біз үшін үлкен бір қуаныш, себебі Жамбылды қазақ түгіл сол кездегі одақтас елдердің барлығы мақтанышпен, шексіз алғыспен еске алады. «Батыр қала» Ленинградтың өзі Жамбылдың жыр жолдарына арқау болып, талай жауынгерге, қала тұрғындарына «Ленинградтым өренім» атты жыр жолдарында гимн болып өрілді.
Бір халық – бір тағдыр – бір жыр! Мен елімнің жас ұрпағымын. Болашақта халқымда тек тыныштық пен гүлдену болады деген сенімдемін. Бүгінгі күні ол үшін алдыма қойған мақсатым айқын. Ол – оқуымды үздік оқып, еңселі елімді елеулі биіктер мен белестерге жеткізу, қазақ елін Азияның барысына айналу жолында өз үлесімді қосу. Жарқын болашақ – жастардың қолында!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі