Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

  Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Әлиева Торланзере
8-сынып, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Қызылорда облысы Жетекші: Әубәкірова Л.

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.
Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап тұратын ажал. Сондай соғыстың бірі - Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыс бүкіл халықты дүр сілкіндірген соғыс. Қаншама адамдардың қаны төгілген жағдай. Бұл соғыста жеңіске жету - үлкен еңбек. Сол жеңіске қол жеткіздік! Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік! Ол күш әрине - «Бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар: Б.Момышұлы, С.Луганский, И.Павлов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және басқа да батырлар. Соғысқа ер кісілермен қатар әйел адамдарда қатысты. Ол кісілер жараланған жандарды емдеп, көпірлерді бұзды. Ф.Оңғарсынова әйел кісілердің соғыстағы бейнесін былай бейнелеген:
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар - алаулап от кешкендер, - деп жазған. Қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен қаһармандығын әлем алдында әйгілі еткен екінші дүниежүзілік соғыста мыңдаған әйел халық жауынгері атанды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейіріммен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, ал майданға керекті оқдәрі мен азық-түлік жеткізуші арсеналға айналады. Бұл соғыста қазақтар үлкен қажырлық көрсетті. Халқымыздың еңбегінің арқасында біз, яғни қазіргі ұрпақ Жеңістің тәтті дәмін сезіндік. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтар әр түрлі аймақтарда соғыстар жүргізді. Сол кездерде соғыстың көзін көрген зиялылар қауымы соғысқа қатысты туындыларын шығара бастады. Өлеңдердің көбісінде соғысқан жерлерді бейнелеген. Мысалы көрнекті Қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтың ауыр тағдыры туралы жазды. Ол өлеңде:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін..., - деп жырлаған болатын. Осы өлеңінің арқасында 900 күн қамауда қалған Ленинградтықтардың рухын көтеріп қажырын жаныды. Сол сияқты Нүрпейіс Байғанидің өлеңінде Мәскеу қаласы туралы айтылған. Бұл өлеңде былай делінген:
Москва,сенің іргеңді,
Ел,ер болып сақтаймыз.
Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығы да сен үшін,
Саған қауіп төнгенде
Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған. Бұл жерден біз халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Осымен қатар басқа да ақындырдың шығарған шығармашылық туындылары бар. Сонымен қатар қазақтар туралы әр түрлі мәліметтер шыға бастады. Олардың бірі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан көрсете білді.Тіпті Сталинградтың өзіне ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды», деп жазған. Ал совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады.Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты.Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық барын естімеп едім...», - деді. Бұл жерден біз қазақтардың ержүрек болғандығын және оны бүкіл жұрт ғана емес, қарсылас жауларымыздыңда мойындағанын байқаймыз.
Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік,Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Ұлы Жеңіс-барша халықтың жеңісі. Жеңіс жолында үлкен ерлік көрсеткен ағаәпкелеріміздің еңбегі өте зор. Ол кісілердің еңбегін ұмыту мүмкін емес. «Ер есімі-ел есінде», -дегендей бұл жандарды ешқашан ұмытпаймыз.Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.Биыл 2015 жылы осынау Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. Демек, біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 71 жыл! Сондықтан жыл сайын халқымыз 9 мамыр күні сұрапыл соғыстың куәгерлері - майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет-ілтипатын білдіріп,соғыста қаза тапқандарға бас июді үлкен борыш санайды. Соғыстың өткеніне 71 жыл өтсе де, оның салған жарасы әлі күнге дейін сыздайды... Бүгінде арамызда сиреп бара жатқан ардагерлердің әңгімесін тыңдағанда, майдан жылдарындағы әндерді естігенде көңілге еріксіз мұң ұялайды. Көктеммен бірге келетін осынау Жеңіс мерекесінің көз жасы аралас қуанышты мерекесі әрбір дарынды ұрпақтың мақтанышпен айтар жалынды сөзі. Біздің, яғни, жас ұрпақтардың міндеттерінің бірі осы үлкен соғыста ерең еңбек етіп, жандарын қиған аға-әпкелерімізді ешқашан ұмытпай есте сақтап, соларға үлкен құрмет көрсету.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?