Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық  көтеріліс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын анықтап, тарихи маңызына баға береді.
Ұйымдастыру сәті.
(Б) Өткен материалды еске түсіру.
-1837-47 жж Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдары болды?
-Көтерілістің себебі?
-Көтерілістің қозғаушы күштері?
-Көтеріліс мақсаты?
-Көтеріліс қамтыған аймақтар?
-Көтеріліс нәтижесі?
-Көтерілістің жеңілу себптері?
-Көтерілістің тарихи маңызы?
М Өткен материал еске түсіріліп болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі және сабақта азаттық көтерілістің басшысы Кенесары батыр туралы зерттеу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы айтылады.
М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт (себеп пен салдар), зерттеу сұрағына назар аударылады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Зерттеу және талдау
Топтық жұмыс.
1-тапсырма.
1-қадам. Мәтінмен жұмыс.
Кенесары Қасымұлы туралы ресурс ұсынылады. Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, өздеріне қажетті ақпарат негізінде тұлғаға мінездеме дайындайды. Топтардың дайындаған шығармашылық жұмысы сынып назарына ұсынылып, жарияланады.
1-топ. Тұлғаның өмір сүрген уақыты мен ортасы;
2-топ. Тұлға өмір сүрген заман және оның тұлға болып қалыптасуына әсер еткен жағдай;
3-топ. Тұлғаның тарихи портреті
Дескриптор:
 Тұлғаның өмір сүрген уақыты мен ортасын сипаттайды;
 Тұлға болып қалыптасуына әсер еткен жағдай мен заманды анықтайды;
 Тұлғаның атқарған іс-әрекетін атайды
2-қадам. Дәйексөздермен жұмыс.
Оқушыларға белгілі тұлғалардың Кенесары Қасымұлы туралы айтқан сөздерінен цитаталар ұсынылады. Оқушылар төменде берілген цитаталарды негізге алып, алдымен жұпта, кейін топта кеңесіп, Кенесары тұлғасына баға береді.
1-топ. Л.Мейер
2-топ. Аткинсон. Т.В
3-топ. Коншин Н......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 691



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?