1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:
7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.
(Т) Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу.
Көтеріліске қатысты топтардың (жазалаушылар, сұлтандар, шаруалар, старшындар) атаулары жазылған карточкалар бөлме қабырғасының әр жеріне ілінеді. Оқушылар қалаулары бойынша (топтар тапсырмалары қарапайымнан күрделілігіге орай, көтеріліске қарсы топтардан көтерілістің негізгі ұйымдастырушы топтары ара салмағына қарай берілген) өз деңгейлеріне сәйкес таңдаған карточка тұсына жиналып, топтасады.
(Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.
(М) «Сол жердемін деп елестетіңіз» тапсырмасы бойынша суретпен жұмыс жүргізіліп, оқушыларға төмендегі сұрақ қойылады:
 Сіз нені көріп тұрсыз?
 Сіз нені естіп тұрсыз?
 Сіз нені иіскей аласыз?
 Бүгін қандай тақырып болуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
(Б) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс
«Ұғымдардың мағынасын табайық»
Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері «шағым-петиция», «жазалаушы отряд», «рапорт») жазылған карточкалар ілініп, оларды белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастырып, берілген сөздердің мағынасын ашу сұралады. Сонан соң оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылап, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге мүмкіндігі бар.
Шағым-петиция- Билік орындарына, өкілдеріне арналғанұжымдық өтініш;
Жазалаушы отряд - Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері;
Рапорт- Есеп
Буферлік аймақ- екі мемлекет шекарасының ортасындағы нейтралды аймақ .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 659



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?