Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

 Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
• Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Оқушылардан Қазақ хандығы туралы не білетіндері сұралады.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға Ә.Бөкейхановтың Қасым хан туралы цитатасы беріледі.
«Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.» Цитата бойынша оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
- Қандай қорытынды шығарар едің?
Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын/ОМ, жетістік критерийлерін хабарлау/анықтау.
Оқушылараға Қасым хан туралы видео көрсетіледі. Оқушылар видео бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға қажет деп тапсаңыз мәтін беруге болады.
- Не көрдің?
- Не білдің?
- Қандай қорытынды шығарасың?
Картамен жұмыс
Бүкіл сынып. Оқушыларға Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы мәтін беріледі.
Берілген мәтін көмегімен Оқушылар кескін картаға Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын, соғысқан мемлекеттерді (қызыл түспен) және келісім жасасқан мемлекеттерді (көк түспен) белгілейді.
Ж. Жұпта оқушылар мына сұраққа сын тұрғысынан жауап береді.
- Қасым ханның көрші елдермен қарым-қатынасы Қазақ хандығын нығайтуға әсер етті ме?
- Неліктен оның көрші елдермен одақтасу, достық қарым-қатынас жасаумен қатар ашық шайқас жолын да қолданды?
Анализ
Оқушыларға Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының ішкі саясаты туралы мәтін беріледі.
- Неге Қасым ханның заңдарында бұл бөлімдер қарастырылған?
- Не себепті бірінші мүлік заңы тұр?
- Қазақ хандығының сақталуында бұл заңның маңыздылығы қандай?.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 722



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!