Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

 Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Тәуекел ханның інісі Есім хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Сәлемдесу. Сынып бойынша тексеру.
Жаңа тақырыпты Сөзтізбекті шешу арқылы ашу.
Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.
Есім хан туралы бейне материал көрсету
Сұрақтар қою арқылы оқушылардың мәліметті қаншалықты түсінгендерін сұрақтар арқылы тексеру:
-Есім ханның алдында қандай маңызды міндеттер тұрды?
-Есім хан тұсындағы хандықтың сыртқы саясаттағы ұстанымы қандай болды?
Оқушыларға Марғасқа жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырынан үзінді беріледі.
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!».
Үзіндіні оқып болған соң топтарға тапсырма беріледі:
1-топ. Бұл деректерде қандай оқиға сипатталады?
2-топ. Есім хан мен Тұрсын ханның арасында неліктен қарама – қайшылық пайда болды?
3-топ. Тұрсын ханмен жүргізілген соғыстың қандай салдары болды?
Топтық тапсырмаларды бағалау үшін үшбұрыш әдісі ұсынылады.
Тұрсын хан мен Есім ханға қарасты аймақты
кескін картаға түсіру.
Тәуекел хан мен Есім ханның саясаты және билік жүргізу ерекшелктерін салыстыру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 705



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍