Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Оқушылардан Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығы туралы не білетіндері сұралады.
Қызығушылықты ояту.
а) Хақназар ханға қатысты мәлімет беріледі.
 Қасым ханның баласы.
 Қазақ хандығын 42 жыл басқарды.
 Өзбек хандығымен достық қарым-қатынас орнатты.
 Қазақ хандығының жерін кеңейтті.
 Ол қазақ пен қырғыз ханы атанған.
 Оның екінші аты Ақназар
Оқушылардан бүгінгі сабақ қай ханға байланысты екені сұралады.
в) Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын/ОМ, бағалау критерийлерін хабарлау/анықтау.
Сабақтың зерттеу сұрақтары:
 Қасым ханнан кейінгі билік еткен хандар кезінде айырылған Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан қалай қалпына келтірді?
 Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулардың шапқыншылық жоспарларын қалай тойтара білді?
Бүкіл сынып. Хақназар Қазақ хандығын әкесі Қасым хан кезіндегідей деңгейге жеткізіп, қуатты ұлысқа айналдыруды ойлады. Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының территориясы мен халқы, халықаралық жағдайы қандай болғандығы туралы еске түсіріңіз. Оқушылар Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты туралы айтады.
Оқушыларға төмендегі сұрақ қойылып, болжам жасалынады. Хақназар хан ойын жүзеге асыру үшін не істеуі керек деп ойлайсыз?
1-тапсырма. Бүкіл сынып. Талдау мен талқылау. Оқушыларға Хақназар ханға дейінгі Қазақ хандығы туралы мәлімет беріледі. Берілген ақпаратты негізге ала отырып, Хақназар хан билікке келген кездегі Қазақ хандығының жағдайын сипаттайды және мұндай ахуалдың қалыптасу себептерін әрі қарай жалғастырып жазады.
1 себеп Қасым хан қайтыс болған соң оның ұрпақтары арасында тақ үшін талас болды.
2 себеп
3 себеп
Бағалау критерийі: Хақназар хан билікке келген кездегі Қазақ хандығының ахуалын біледі және оның себептерін жаза алады.
Дескрипторлар:
Қазақ хандығында қалыптасан ауыр жағдайдың кемінде үш себебін жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 633



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі