XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

  XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.
Ұйымдастыру бөлімі
Б Тақтаға «мәдениет» сөзін жазып қойып, ой шақыру, сұрақтар қою:
- «Мәдениет» дегеніміз не?
- Мәдениет қандай түрлерге бөлінеді?
- Мәдениетті тарихи дереккөз ретінде қолдана аламыз ба?
- Рухани мәдениет туындыларына не жатады?
Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.
Зерттеу сұрақтары:
 Күй, аңыз, шежіре дегеніміз не?
 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлар бізге қандай тарихи мәлімет береді ?
Зерттеу және талдау
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1-топ. Күй
2-топ. Жырлар
3-топ. Аңыздар мен шежірелер
4-топ. Эпостық жырлар
Топтардың міндеті:
1. Сол кезеңдегі күйлер мен жыр, аңыздардың негізгі тақырыбын анықтау;
2. Тарихи дерек көзі ретінде қарастыру;
3. Шығармалардың қазақ халқының өмірі жайлы қандай мәлімет беретінін көрсету.
4. Шығарма авторларының көздеген мақсат-мүдделерін талдау (қандай аудитория үшін жазылды);
Оқушылар басқа топтарды өз зерттеу нәтижелерімен таныстырады. Топтар күй, аңыз, шежіре, жырлардағы тарихи мәліметті анықтап, оны сыныппен талқылайды. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында қыпшақтардың қалмақтарға қарсы соғысы, Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғылар халықтың бірлігі мен тірлігі туралы өте құнды еңбектер қалдырған және жер, жесір дауы сияқты даулы мәселелерге әділ төрелік айта білген.
Оқушылар өз таңдаулары бойынша зерттеу нәтижелерін мына формалар бойынша ұсынады: постер, презентация, мақала, диаграмма, рөлдік ойын (журналистпен сұхбат).
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың мазмұнын талдайды.
Дескрипторлар:
-шығармалардың негізгі тақырыптарын анықтайды;
- тарихи кезеңмен, оқиғалармен байланысын сипаттайды;
- қазақ халқының өмірі туралы деректерден үзінді келтіреді;
- шығарма авторының мақсаты туралы пікірін айтады.
Мұғалімнің кері байланысы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 005



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі