Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Көшпелілер  баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 2-сабақ
Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 – Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну
Сабақ мақсаты: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын жетелеуші сұрақтар қою арқылы тексеру
№1,2- слайд Стимул тудыратын слайд көрсету немесе көшпенділердің тұрғын үйлерінің моделін көрсетіге болады.
-Сабақтың тақырыбың анықтау
-Оқу мақсатын анықтау
Берілген бірнеше сілтемеден қажеттісін таңдап алыңыз
Мұғалім әрекеті:
Оқушыларға алғашқы адамдар тұрған үнгір, андрондықтардың жартылай жертөлесі, күрке, киіз үй, қазіргі замандағы үй және көп қабатты үй суреттерін ұсыныңыз.
Оқушыларды жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашуға бағыттаңыз..
Оқушылармен диалог орнатыңыз.
Мысалы:
• Баспана дегеніміз не?
• Тас, қола ғасырының адамдары қандай баспаналарда тұрған?
• Көшпенділерге тән қандай баспаналарды білесіңдер?
М Оқушыларды сыптағы оқушылардың санына қарай үш немесе төрт топқа бөлуге болады.Топтарды жыл мезгілдеріне немесе маусымдық жайылым атауларына қарай бөлуге болады.
Оқушыларға флипчартқа немесе А3 қағазына өздері білетін ерте замандардағы көшпенділердің баспана түрлерінің суретін салуды ұсыныңыз. Оқушыларға дайындыққа уақыт беріп әр топтың жұмысын бақылаңыз.
Топтық жұмысты дайындауға 5-7 минут жеткілікті.
Критерилері:
1. Баспана
2. Орналасқан жері
3. Қолданатын еңбек құралдары
4. Тұрмыстық заттары, ыдыстары және олардың өрнектері
Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт-бағдар бере отырып, қолданбалы өнердің ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 768



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?