Өшпес жара

 Өшпес жара

Сакенова Сабина
9- сынып, Оразалы Қозыбаев атындағы
Қаратал орта мектебі, Қостанай обл.,Мендіқара ауданы.
Жетекшісі: Мурзахметова Динара Жанахметовна.

Бұл тақырыпта шығарма жазу үшін көп ойландым. Неге десеңіз, үш бет жазайын, жүз бет жазайын жүректе жатқан сол бір жараны тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Менің атам да Ұлы Отан Соғысының ардагері еді. оның айтқан әңгімелері есімде жоқ . Мен онда мен 3-4 жаста болатынмын. Анамның айтуынша атам 21 жасында майданға аттанған екен. Соғыстың қалай болғанын атам айта қоймапты. Есіңе түсіру атам үшін қиын болатын. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы былай деп жазады: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».
Қанша үйдің ұрлап адамын.
Қанша үйде сөніп қалды оттар,- деп ақындар жырлағандай, әр шаңырақта, әр жүрекке салған жара 71 жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ. Өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жарлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кекпен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы « Ленинградтық өренім» Толғауы еді. Бұл өлең 1941 жылы 900 күн мен 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын шақты басынан өткізген қаһарман Ленинградтықтарға арналған болатын. Бұл толғауы Ленинградты қорғаушыларға зор қуат берді. Соғыс жылдары бір қолына қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл батырымыз , жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақыным Қасым Аманжолов болды. Ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз махаббатын керемет суреттейді. Сол майданда біздің аруларымыз да талай қиындықтарды бастан кешті. Қолдан келместей көрінгенімен сол кездері нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талап етпестен, қашан да жауынгрлермен бір сапта тұрды. Тіпті, дәл осы қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш қуат берді. Ерліктің қос қанаты деп білемін
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,- деп есімдерін ән- жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім. Мәншүк апайымыз Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қайсарлығы таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендікпен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарына алтын әріппен жазылып қалды, осы ерліктің қос қанаты Әлия мен Мәншүктің ерліктері біз үшін, болашақ ұрпақ үшін үлкен өнеге. Соғыстан кім қорықпайды? Мен де қорқамын. Қазақтың қос аруы сияқты менде сондай ерлік жасай алам ба деген сұрақ туғанда , көп ойланбай ия деп жауап беремін. Неге десеңіз, Отанға деген, халқыма деген махаббатым шексіз. Отан үшін от басып, су кешіп жүруге дайынмын. Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес.
Тәуелсіз Қазақстан елі өз батырларын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткен, олар ішін Отан үшін қасық қандары қанғанғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендері әрқашанда жүрек тұпкірімізде ұстаймыз. Қазақ халқы, жеңістерін құтты болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?