Ұлы Жеңіс дүбірі көк терлеткен

 Ұлы Жеңіс дүбірі көк терлеткен

Жанайдарова Раушан
Қостанай қаласы Қостанай гуманитарлық колледжі 2-курс.
«Негізгі орта білім» мамандығы
Жетекшісі: Досмағанбетов Сайлау Жеңісұлы

Ұлы Жеңіске биыл міне 75 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері мол еді. Біз жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнег фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғасы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңістің біздің жауымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Осылайша біздің ата-бабаларымыз келешек ұрпақтары үшін жан аямай соғысты. Мен сол ата-бабаларымызға арнаған өлең жолдармен барынша жеткізуге тырысайын:
Тәуелсіз ел тұғыры көкке өрлеген
Ұлы Жеңіс дүбірі көк терлеткен
Қазағым құтты болсын егеменің
Байрағың желбіретсің ел тұғырын
Талайлар бұл соғыста құрбан болған
Жасы да, кәрісі де жерді құшқан
Отаның қорғаған жан бар тәнімен
Келешек ұрпағына жеңіс берген
Міне бүгін тағы бір биікке өрлеп
Егемендік атағын алып бердік
Жеңіске бүгін міне 71 жыл
Қазағым құтты болсын жеңістерін
Соғыста құрбан болған батырларды
Отаны оларды еш ұмытпайды
Солардың арқасында егемен боп
Сан талай жеңістерді бағындырдық!
Талай қазақ батырлары соғыстың құрбаны болып, келмеске кетті.
Осыдан 75 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар одағына шабуыл жасалды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери коммисариатқа еріктілер ағылды. Кеше ған мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Дәл мұндай сұм соғысты ұмытуға бола ма? Қазақ халқы қаншама қасірет шекті, қаншама адам жер құшты, талай адамдар жас сорғалатты. Біз сол адамдарға шын жүректен риза болуымыз керек. Себебі, дәл сол адамдар өз өмірлерін осы жеңіске арнады. Егер дәл осы күні біздің ел-жан аянбай шайқаспаса біз бүгін жеңіске жетпес едік. Ұлы Отан соғысы – бұл үлкен мұн талай Қазақстандықтардың жүрегінде жара болып қадалған. Күзбен бірге жеңістің туы желбіреген болатын. Тіпті өткен күндерді еш есімізге түсіргіміз келмейді. Қаншама қайғыны бастан кешірген едік. Осы 2016 жылдың мамыр айында, біз, ХХ ғасыр балалары, жүректің жасымен өткен күндерді еске алып Жеңістің 75 жылдығын тойлайтын боламыз. Сұм соғыстың құрбандарына айналған Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі –қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардық қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов болатын. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ған емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО – ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік орындар барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532 506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа кәсіптік нысандардың құрылыстары жеңілдетілді.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірген болатын. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Көптеген елді-мекендер, станциялар, қала және ауылдар, көптеген кәсіпорындар жермен жексен болған. 40 мыңдай аурухана немесе оқу орны, 42 мың кітапханалар және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған болатын. Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. Ұмытылмақ емес. Себебі, соғыскүйретуші күні! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта келешек ұрпаққа жеткізеді. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәнгі жасампаздығын, отанын қорғаған жауынгерлердің ерлігі мәңгі өшпейтіндігін, біз кемелді келешек ұрпақ ата – бабаларымыздың ерлігін асқақтата, еске алып отыратынымызға мен өз басым ашық айта аламын. Асқан ерлікті ұмыттырмай, болашақ ұрпаққа жеткізу, ұмыттырмау, ұмытпау әрбір қазақстандықтың жан дүниесіндегі бірден – бір орын алады. Жер бетін тып-типыл етугн ұмтылған,аранын ашып,әлемге алақұйын жалын шашып,жан біткенді жалмауға жанталасқан қаһарлы сұрапыл соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда,бұл тақырыпты он бетке болсын,жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне өз басымның көзі жетті.Себебі,соғыс уақытқа тәуелсіз,ешқашан өзгермейтін,ншқандай сынға берілмейтін азап екендігін түсіндім.Келешек ұрпаққа жеңіс алып берген батырларды біз еш ұмытпаймыз.Ер есімі ел есінде» мәңгі қала бермек.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?