Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші
Абатқызы Балсая
8 сынып, «Қаратүбек орта мектебі»ММ
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Жетекшісі: Толеубаева Күнімжан Бестаубайқызы

Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды
ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар оқиғасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 71 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалыпты. Оларды теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. 1941 жыл 22 маусым. Қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы ССРО-ға тажалдай төніп, тұтқиылдан тап берді. Бейғам, мамыражай тірлік кілт үзілді. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұл-қызы Совет Армиясында шайқасты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді, қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдей білді. Қазақстандық жауынгерлердің осы жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды.
Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған Совет Одағы фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы соғыс қырғыны жауынгерлердің қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қалалар мен ауыл, селоларға «қара қағаз» болып жетіп, жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. «Ерлік – елдіктің ескерткіші» деген дана халқымыз. Сұрапыл отты жылдары кеуделерін отқа тосып, бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін деп ұрандаған бар адамға «Жеңіс» деген сөз күш-қуат берді. Отан үшін, ел үшін, жер үшін аянбаған аға-әпкелеріміз қаншама?! Олар: Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев т.б. көптеген батырларымыз өз ерліктерімен көзге түсті. Қоғамымызда қалыптасқан бейбіт өмірімізді достық пен ынтымақтықты қолдап-сүйетін, осы күнге дейін сапта жүрген ардагерлерімізге біздің қуанышымыз шексіз. Ардагерлеріміз қандай да болмасын қадір-құрметке, сыйға лайық. Осы күнге дейін жеткендердің көбі бүгін біздің арамызда жоқ.
Жылдар ешкімді де аямайды, өткендегі бастан кешкеннің бәріде белгісін беруде – соғыстағы жаралары мен кейінгі аурулары енді азаптауда. Ал енді бізбен қатар жүргендер – әлі де бәрімізге үлгі боларлықтай. Отан алдындағы жан қиярлық ерлігі кейін аянбас еңбекке айналды, бар тәжірибесін, күшжігерін, іскерлігін олар халық шаруашылығын қалпына келтіруге жұмылдырды. Олардың рмырауларында әскери сыйлықтармен қатар еңбекті табыстары үшін алынған белгілері орын алды. Соғысты көрмеген бүгінгі күннің ұрпағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісті сомдаған майдангерлерімізге әрқашан шексіз риза. Өткен жылдардың белесінен қарағанда, елімізге осы жеңістің қаншалықты орасан зор бағаға келгенін біз бүгін бұрынғыдан да терең ұғынамыз. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерінің алдында біз басымызды иеміз. Олардың майдандағы және бейбіт еңбектегі орасан зор ерлігі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ардагерлеріміздің ұлы ерлігінің еш өлшемі жоқ және ол еш нәрсемен өтелмейді. Ардақты қарияларымыздың әрқайсысы даналықтың сарқылмас, сарғаймас көзі, мәңгі өшпес тарихы. Олар біздің сый-құрметімізге лайық, олардың бәрі 1945 жылдың жеңісті мамырынан. Жер-дүниені дүр сілкіткен сұрапыл соғыс өртінің сөнгеніне биыл 71 жыл, ал бастауына 75 жыл толып отыр. 9 мамыр - Жеңіс күні тойланғанымен, оның салмағы ауыр. Соғыс адамзат жүрегіне өшпес жара салды. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген соғыстың зардабы тимеген бірде бір шаңырақ жоқ десе де болады. Қан майданда қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандығымен басқа ұлттардың алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды және ұмытта қалмайды.
1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Бірақ сол бір естен кетпес жылдар бізден неғұрлым алыстаған сайын, соғыс салған жара неғұрлым жазылған сайын Совет халқының ғажайып ерлігі соғұрлым аса ұлы болып көрінеді. Халықтарды езіп-жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды, дүниежүзілік өркениетті қорғап қалғандарды адамзат баласы ешқашан ұмытпақ емес. Соғыс жалыны басылғанына 71 жыл өтіп кетсе де лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырады. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып, қанын төккен аяулы ата-әпкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбатқа түскен Жеңістің қадірін ұғындырады. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген 1945 жылғы Жеңіс күні бізге қымбат!
Соғыс кезіндегі Совет адамдарының сан қилы ерліктері – жас жүректерді шыңдайтын қызулы көрік. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің, батылдық пен батырлықтың мектебі болды, соғысқандар үшін ғана емес, соңғы келер буындар үшін де мектеп. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?