Соғыс және тағдыр

 Соғыс және тағдыр

Есбатырова Гүлнара

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен
Өмір деген қандай тәтті ұғым! Бар әлемнің әр пендесі, жануары мен жәндігі өмір үшін күреседі, әр күннің шуағына шомылып,әрбір сәтке шаттанады. Иә, біз бақытты жандармыз! Өйткені біз Тәуелсіз,егеменді, байтақ елде өмір сүріп жатырмыз.Бақытты елде мереке де көп. Әйтсе де ,9мамыр-Жеңіс күні әр адам жанына жылулық, мейірімділік сыйлайтын күн болып саналады.Өйткені бұл күн бізге аталарымыздың сыйлаған бақытты күні іспеттес.Аталарымыз болмаса біздің еліміз,халқымыздың қанды қол фашисттердің зұлымдығынан құтыла алмас еді. Жалпы бұл уақытты бір ғұмырға теңеуге де болады. Алла оңдап, сұм соғыста біздің әскерлеріміз жеңіске жетті. Содан бері, міне, біраз жыл өтті. Еліміз де еңсесін тіктеп басын көтерді. Бейбітшілік пен келісім заманында ғұмыр кешудеміз. Сондықтан бізге осындай бейбіт заманды сыйлаған, осындай керемет өміріміз үшін жандарын қиған ата-бабаларымызды естен бір сәт шығаруға, оларды елемеуге, рухтарына тағзым етпеуге біздің хақымыз жоқ. Қан майданнан аман келген батырларымыздың да жыл өткен сайын көзі азайып барады. Майдан қоркынышымен өмір үшін жан таласты олардан артық ешкім білмес. Қанша жерден жау мықты болса да, оларды алға қарай бір адым да бастырмай, қаза тапқан қайран бабаларым-ай... Майдан ауыртпалығын ер-азаматтарымыз көтерсе, ер-азаматтарымыздың қажеттілігін ауыл-аймақтағы көздері жәудіреп, келер күннен тек жақсылық пен қуаныш күткен қаракөз қызкеліншектер көтерді.
Соғыстың зардабы әрбір шаңырақты шарпыды. Бір әулеттің барлық еразаматтары жау туын құлатуға аттанды ғой. Құрбан болып бүтіндей бір әулет жер жүзінен жойылды сол сәтте. Майданнан келген қара хаттары, оны оқып тұра көз жасы аққан жанарлары-осының бәрінің өтеуі жоқ қой. Сұм соғыс болмағанда ғой, шіркін! Мына кең жерімізде көк аспан астында күн нұрының шапағатына бөленіп,бізбен бірге иық тіресіп ,көк, туымызды желбіретіп жүретін бауырларымыздың саны көп болар ма еді?! Олардың арасында бәлкім елімізді әлемге паш ететін ғұлама ғалымдар,дарынды өнерлі,мықты жарқыраған жұлдыздар болар ма еді?! Дамыған елдердей шекарадан еркін өтіп,керемет саяхаттар жасап, ел жер көрер едік.Ауыр техника жасайтын зауыттардың орнына жеңіл жаңа машиналардың түр түрін жасап,ел қорғау техникасы мен әскери дайындықтар да қажет болмай, оған бөлінген қаржы еліміздің басқа қажеттіліктеріне пайдасы тиер ме еді. Тарих беттері де жұқалау болар еді, өйткені тек бейбітшілікте өткен өмірді баяндары хақ. Сол күні мектеп бітірген жастар қуаныштан бастары айналып,бақытты өмір кешпес пе еді?! Бірақ ,айрандай ұйып тұрған бейбіт елдің өмірінің бір бөлшегін жауыз фашисттің жоспары төрт жыл,яғни 1418 күн мен түнін кесіп алды.
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы
Менің атам-анамның әңгімесі бойынша, әкесінен қалған жалғыз тұяқ екен. Өкінішке орай мен атамды көрген жоқпын. Әскерге шақыру қағазы келгенде, 1925жылы туған ол 17 жаста еді. Әрине үй іші бұл хабарға қатты қынжылып қиналды. Әкесі жалғыз баласын соғыстан алып қалу амалдарын қарастырып еді,бірақ қазақты намыс өлтіреді демекші, әскер қатарынан қалуды өзіне ар санаған атам, қойған мақсатынан қайтпай,сол жерде үш айлық дайындық курсына жазылған еді. Үш жыл үздіксіз соғыста жүрген атам бір күні қолынан қатты жарақат алып,госпитальда емделеді. Осыдан кейін оны он күнге үйіне жібереді. Осы сәтті пайдаланып,ата- ана,туған- туыс алдымызда әлі қандай жағдай болады?деп,жалғыз ұлын үйлендіреді. Атамыздың сондағы ойы,жалғызымның артында ұрпақ қалсын дегені ғой. Он күннен соң жауынгер жас жұбайы мен ата -анасымен қоштасып, майданға аттанады. Атам майданда жүрген күндері туралы әңгімелегенде Құдайбердиев деген өзбек досы болғанын айтатын. «Нағыз азамат еді,талай қиындықты бірге өткіздік. Оқ бораған талай шайқастардан кейін майдан даласында жайрап жатқан жауынгерлер ыңырсып «су-су» - деген кезде, сол Құдайбердиев екеуміз қатар жүгіретінбіз.Себебі, «су» деген сөзді бізден басқа ешкім түсінбейді. Ауыздарына су тамызып,талай мұсылман бауырларымызды госпитальға жеткіздік».
Майданда жүріп бір аяғы көрде тұрған сарбаздардың ауылға туысқанға жазған хаттарынан:
«Ақ мама, бауырларым!
Есенсіздер ме, ауыл-аймақ , туысқандар тегіс амансыздар ма? Менің денім сау, кеше ғана қан төгіспен жүріп жауды ініне ығыстырдық. Енді біраздан кейін Днепр үшін шайқасқа шығамыз. Қасымда менің туған жерім Сарыағаштың азаматтары бар. Байтемір көкемді, бәріңізді таниды екен. Ержүрек жігіттер. Жауды аямай соғуда. Сіздер бентонитті көп өндіріңіздер , біз сіздер үшін жаудан кек аламыз. Қасық қанымыз қалғанша соғысамыз. Көкем айтқандай, жауды жеңбей оралмаймыз. Ақ мама, мені уайымдамаңыз. Отаным үшін, Елім үшін соғысамын. Өзіңіз айтқандай намысымды қолдан бермеспін. «Көппен көрген-ұлы той», халықпен бірге көрерміз. Хош болыңдар! Есбатыр». 1943 жылдын қараша айы.
Ол кезде Сарыағаштағы еңбекке жарамды адамдар өздерін тыл жұмыстарында жақсы жағынан көрсетті. Тарих кеші үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.Соның бірегейі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілдік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр аға-әпкелеріміздің ерлігін ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Әрине, соғыс болмасын! Біз сол соғысқа қатысып, батыр болмай-ақ қояйық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға талпынайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып өз Ұлтымыздың патриоттары болуға тырысайық. Қазірде Қазақстан өркениеті дамыған елдердің қатарындағы зайырлы мемлекет. Біз дәл қазір ата-бабаларымыз арман еткен кезеңде өмір сүрудеміз! Тәуелсіздікке қол жеткізу өте қиын болды, енді оны ұстап тұру оданда қиын екенін ұғынатын сәт келді. Бабаларымыз қаны мен әжелеріміздің көз жасы тамған ұлан ғайыр атырап бізге аманат етіп қалдырылды.
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік,
Білімге сенген заманда,
Қапыда қалып қоймайық!
Абылай хан


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!